«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өз мамандықтарының чемпиондары анықталды

2017 жылғы 28 Наурыз
- Алматы қаласы
6636 просмотров

Алматыда колледжде оқитындар арасында «WorldSkills Almaty» кәсіби шеберлік чемпионаты өтті

Қалалық «WorldSkills Almaty» кәсіби шеберлік чемпионаты биылғы жылы үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жұмысшы мамандығының әлеуетін арттыру және әлемде кәсіби білім беруді дамыту мақсатындағы халықаралық коммерциялық емес қозғалыс.

Әлемнің көптеген елдерінде WorldSkills жобасы мемлекеттік қолдауға ие. Бұл техникалық мамандарды дайындау бойынша білім беру сапасын арттырып қана қоймай, талантты жұмысшы жастарды анықтауға, олардың болашақта кәсіби өсуіне мүмкіндік береді.

«Алматы – еліміздің ғылым мен білімнің және қаржы-экономикалық орталығы. Республиканың барлық өңіріндегідей қалада жұмысшы мамандықтарына сұраныс жоғары, қызмет көрсету саласына да жұмысшылар керек. Осыған орай, жұмысшы мамандарды кәсіби дайындау жүйесі отандық экономиканың транформациясында маңызды салаға айналып келеді», – деп атап өтті чемпионаттың ашылу салтанатында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов.

Байқауда студенттер 17 бағыт бойынша сайысқа түсті. Өз саласының үздіктері де анықталды: Эдуард Елисеев – веб дизайн; Дәулет Түзелбек – желілік және жүйелік әкімшілік; Евгений Симоненко – мехатроника; Дмитрий Винокуров  – электроника; Мади Омар – дәнекерлеуші технология; Қанат Әбідрайым – шаштараз өнері; Жұмат Айдар – аспаздық; Дана Қашаубаева – наубайхана шеберлігі; Панков Валерий – мейрамхана сервисі, Кенжалы Нұрсұлтан – құрғақ құрылыс және сылақ жұмысы; Иемберді Әйгерім – киім дизайны; Гришаев Никита – майлау және декоративтік жұмыс; Жаңаберген Алмас – станокта цифрлық бағдарлама басқаруымен токарльлық жұмыс; Чеканов Матвей – кузов жөндеу; Мінуарбек Айбек – сантехника және жылу; Қали Әлихан – электромонтаж жұмысы және Ідіріс Азамат – ағаш шеберлігі.

Ұйымдастыру комитеті мен әділ қазылар алқасының құрамына Білім беру басқармасы, Кәсіпкерлер палатасы, Колледждер қауымдастығы, салалық қауымдастықтардың өкілдері мен жұмыс берушілер, Жастар саясаты жөніндегі басқарма мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама басқармасы енді.

Қалалық чемпионат жеңімпаздарына Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының атынан алтындалған сертификаттар мен салалық қауымдастықтардың естелік сыйлықтары табыс етілді. Алдағы уақытта чемпиондар WorldSkills Kazakhstan республикалық байқауына бақ сынамақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер