«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тұтынушымен жұмыстың мың тәсілі бар

2016 жылғы 27 Қазан
- Алматы қаласы
5748 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы Маркетологтар клубының бесінші кездесуін өткізді

Клиенттік базаны қалай кеңейтуге болады және маркетингте қателіктерге жол бермеудің амалы қандай? Өз тәжірибелерімен бөлісу үшін Маркетологтар клубының кездесуіне көп жылдық жұмыс өтілі бар табысты кәсіпкерлер келді. Олар әлемдік үрдістер туралы сөз етіп қана қоймай, Алматыда қандай технологиялардың жақсы жұмыс істейтіндігін де айтып өтті. Тіпті пікірталас барысында клиенттерді тартудың тиімді жолы қандай деген мәселеде бизнес-тренерлердің пікірі екіге бөлінді.

«Бірдей бизнес біреуде жақсы дамып жатса, келесі біреуде олқы соғып тұрады, өйткені біріншісі клиентпен жұмыс істеуді біледі, ал екіншісі мұны білмейді. Қазақстандағы адамдардың бір-бірін қайталағанды жақсы көретінін байқадым. Егер олар  бизнестің қандай да бір түрінің жақсы дамып жатқанын көрсе, тура сондай компаниялар аша бастайды. Қатты бәсекеге түсе отырып, біреудің өрге домалаған ісіне қысым түсіреді. Одан да мынадай жүйемен жұмыс істеген жөн. Мәселен, бір компания қасықтар шығарып жатса және олардың бизнестері гүлденіп сала берсе, саған да қасық шығарудың қажеті жоқ. Соған қосымша шанышқылар, пышақтар, майлықтар шығаруды бастап кет. Сонда бір-біріңе кедергі келтірмейсіңдер, керісінше көмектесесіңдер», – деп кеңес берді КИМЕП және «AlmaU» университеттерінің маркетинг, менеджмент және кәсіпкерлік пәндері бойынша аға дәріскері Араш Давар.

«Бүгінде ритейлерлердің басты міндеті – ұялы телефон арқылы тұтынушылар тарту. Екіншісі – клиенттік трафикті клиенттік базаға ауыстыру. Ең бастысы, менің ойымша, тұрақты клиентті ұстап қалу. Көбінесе біз тауар айналымын қайталап сату есебінен арттырамыз. Әрине, клиенттердің пікірлерін тұрақты түрде біліп, екі жақты коммуникация орнату қажет. Өйткені клиенттер келесі клиенттерді алып келетінін жақсы білеміз», – деді кәсіпкер және тәжірибелі бизнес-тренер Аслан Есжанұлы.

Маркетологтар клубының кездесуіне қатыса алмағандарға тренингті клубтың «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасынан онлайн режимде көруге мүмкіндік жасалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер