«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Балықты емес, қармақты берейік

2015 жылғы 09 Қазан
- Алматы қаласы
9412 просмотров

Әлеуметтік бизнестің майталмандары жастармен тәжірибе бөлісті

Әлеуметтік түйткілдердің шиеленісін қалай шешуге болады, ресурстарға тәуелсіз қайырымдылықты қалай жүзеге асыруға болады және осыдан табысты қалай табуға болады?

Алматыда өткен «Әлеуметтік кәсіпкерлік орнықты әлеуметтік өзгерістердің жаңа үлгісі ретінде» конференциясының ұйымдастырушылары қазіргі заманғы шындықтың өзекті сауалдарына жауап беруге тырысты.

Британдық Кеңестің (British Council) идеясын әсіресе әлеуметтік жобаларға тұрақты қатысуымен кеңінен танылған «Шеврон» компаниясы құптады. Кездесу орны – «Алматы Менеджмент» университетінің ғимараты кездейсоқ таңдалған жоқ. Белсенді жастармен және ісін бастаушы кәсіпкерлермен кездескен сарапшылар: Әлеуметтік кәсіпкер мектебінен келген Леонелла Джаретт (Лондон), «Атамекен» ҚР ҰКП Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов (Астана), АЛМА Университеті Кәсіпкерлік орталығының директоры Ксения Южанинова (Алматы) және басқалары. Әлеуметтік бизнес майталмандары да бай тәжірибелерімен бөлісті, олар: әрекет етуші кәсіпкер Геннадий Франц, әлеуметтік сұлулық салоны мен тоқылған себет өндіру жөніндегі цехты ашқан астаналық Эмин Аскеров, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тренажер залының иесі, талдықорғандық Елдос Баялышбаев.

Дөңгелек үстел басында пікірталас, шеберлік сабақтары және презентациялар формасында осы бизнес-бағыттың егжей-тегжейі, тұжырымдамасы, инновацияларды қолдану, соңғы тенденциялар, туындайтын түйткілдер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Ұйымдастырушылар басты мақсат – табысты мансап жолын құруға және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге қажет білімдер мен дағдыларды алуда және дамытуда жастарға қолдау көрсетуге қол жеткізетіндеріне сенеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер