«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мақташылар табысы 20 пайызға ұлғайды

2015 жылғы 05 Қазан
- Шымкент қаласы
13049 просмотров

Мақта – Оңтүстік Қазақстандағы негізгі дақылдардың бірі. Мақтаны өсіруге облыстың оңтүстік аудандарының шамамен 500 мың тұрғыны тартылған.

Бұл мақтаны өсіруден түсетін табысқа сүйенетін адамдар. Сәйкесінше, мақта бағасының өсуімен табыс та, қарапайым шаруалардың әл-ауқаты да өседі. Сондықтан да девальвация бүгінде отандық өндіушінің бәсекеге қабілетті болуы үшін ауадай қажет қолдау болып отыр, деп санайды «Хлопкопром целлюлоза» ЖШС бас директоры Қайнар Абасов.

«Оңтүстік Қазақстанның мақташылары теңге мен рубльдің валюталық тепе-теңдігін қалпына келтіру туралы көптен бері айтып жүрген еді, - деді ол. -  Бізге құлақ асқанына қуаныштымыз, себебі нарықтардағы ресейлік біршама арзан тауарлардың басым жағдайы жергілікті бизнесмендердің өндірістерін мәжбүрлі түрде тоқтатуына әкеле бастаған еді. Девальвация экспортқа бағдарланған мақта сияқты өнімдер өндіретін қазақстандық кәсіпкерлер үшін қуатты қолдау болды».

Оңтүстіктің мақтасы, негізінде, ЕурАзЭС және Шығыс әлемі елдеріне жөнелтіледі. Теңгенің еркін бағамы енгізілуінің арқасында мақтасын долларға таңып сататын мақташылар бірқатар басымдылыққа ие болды: былтыр тазартылмаған мақтаны сатып алу бағасы бір келісі үшін 70 теңгені құрады. Биыл тазартылмаған мақтаны сатып алу бір келісі үшін 100 теңге бағамен жүзеге асырылып, бұл шаруалар табысын былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 20 және одан жоғары пайызға ұлғайтты. Биылғы жылы 100 мың гектар ауданнан 180-200 мың тонна тазартылмаған мақта жиналады деп күтілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер