«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Талдықорғанда бірегей құрылыс материалдарын шығаратын зауыт салынбақшы

2015 жылғы 14 Қазан
- Жетісу облысы
9750 просмотров

Алматы облысының нарығы Қытай компаниялары үшін инвестициялар салуға тартымды болып табылады

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысовтың ҚХР әлеуетті инвесторы – Шанси провинциясындағы Mingtai Construction Limited Liability Company компаниясымен кездесуін ұйымдастырды.

Серіктестер Талдықорған индустриялық аймағында инновациялық құрылыс материалдарын өндіретін зауыт құрылысы жобасын талқылады. Бірегей құрылыс материалы бетоннан бірнеше есе берік әрі 4 есе жеңіл және тұрғын үй, өнеркәсіптік нысандар құрылысында қолданылады.

Кездесуде зауыт салуға 10 гектар жер бөлу мүмкіндігі туралы алдын-ала келісулерге қол жеткізілді. Зауыт 100% инвестор есебінен салынады деп жоспарлануда.

«Аталмыш кездесу осы жылдың сәуір айында ӨКП, қала әкімдігі және Шанси провинциясы басшылығы арасында жасалған үш жақты ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру аясында өтті. Бұл әрекеттестік Алматы облысы экономикасының өндірістік құрылымын жақсартуға жағдай жасайды», - деді ӨКП директорының орынбасары Әбділхан Әбдібаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер