«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атақ, табыс, жаңа клиент: кәсіпкерлер «Алтын сапа» байқауына қатысудан не ұтады?

2018 жылғы 25 Мамыр
- Алматы қаласы
3691 просмотров

Алматыда байқау қатысушыларына арналған оқыту семинары өтті

Жыл сайын өңірлердегі ондаған кәсіпорындар «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына қатысуға өтінім береді. Бұл байқауда жеңімпаз атану – көпжылдық еңбекті дәлелдеу, мыңдаған тұтынушылардың көңілінен орын алу, шетелдік өндірушілерге бәсекелес бола алады. Мемлекет мықтыларды тану үшін Астанада министрлер, сарапшылар, салалық қауымдастықтардың өкілдерінен құралған комиссия жыл сайын үздік өндірушілерді  анықтайды. Жас компаниялар нарықтағы тәжірибелі компанияларға қарсы шығады. Барлығының да шешімі өнім сапасында.

«Байқауға қатысуда барлығы маңызды. Аталымды дұрыс таңдаудан бастап, тұтынушылардың онлайн-дауыс беруіне дейінгі кезең әсер етеді. «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталымында бәсекелестік аз. Биыл байқау өтінімі 1 шілдеге дейін қабылданады. altynsapa.kz сайты арқылы өтінім беруге кеңес береміз. Онда өтінімді толтыру нақты, қазылар мүшесі де оңай таныса алады. Өңірлік кәсіпкерлер палаталарына да беруге болады. Қатысушылардың 80% екі байқауға да өтінім береді. Бұл да орынды. Комиссия компания туралы нақтырақ біле алады», ­- деді «Атамекен» ҚР ҰКП Шағын және орта бизнес департаменті директорының орынбасары Салтанат Әбдікәрімова.

айтуынша «Алтын сапа» сыйлығының иегерлеріне 1 млн теңгеге жуық қаржылай сыйлық беріледі. Бұл қаражат экспортқа шығуға жеңіл болу үшін халықаралық байқауға қатысуға демеу болмақ. Байқауға Қазақстанда өндірісі бар жеке кәсіпкерлер мен шетелдік компаниялар да қатыса алады.

«Алтын сапа» ­- кәсіпорындар арасындағы байқау. Ал «Қазақстанның үздік тауары» көрме байқауына жекелеген тауарлар қатысады. Комиссия мүшелері финалға шыққан кәсіпорындарды аралап, баға береді. Бірнеше үздік баяндамадан өндірісі дұрыс қойылғанды анықтау қиын еді. Енді комиссия мүшелері көздерімен көріп, бағалай алады. Биыл «Азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші кәсіпорын» аталымы қосылды. Сонымен қатар «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба» аталымдары да бекітілді», ­­­- деп хабарлады Салтанат Әбдікәрімова.

Алматының «Спира-Берга» компаниясы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауында жеңімпаз атанған. Биыл тағы да қатысуға шешім қабылдаған.

«Біздің компания  полиэтиленді құбыр, гофраланған құбырларды шығарады. Сапалы шикізатты Ресей, Қырғыз, Моңғолиядан жеткіземіз. «Алтын сапа» немесе «Қазақстанның үздік тауары» белгісі сапалыны таңдауға көмектеседі. Орташа шикізатты пайдаланатын компаниялар бар. Олардың құбырлары у бөледі, ауыз су жүргізуде пайдаланбаған жөн», ­- деді компания өкілі Сандуғаш Ахметова.

Байқауға дайындық бірнеше ай бойы жүреді, компания өзге кәсіпкерлердің тәжірибесімен танысып, серіктестер мен клиенттер табу мүмкіндігіне ие болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер