«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Жастар үйінің» тұрғындары жұмыспен қамтыла ма?

2018 жылғы 11 Қаңтар
- Алматы қаласы
3404 просмотров

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік мекеменің түлектерін жұмысқа орналастыруға бизнес тарапын атсалысуға шақырды

Кәсіпкерлер палатасы жетімдер мен мүгедектерді жұмысқа орналастыруға қатысты істі «Жастар үйі» әлеуметтік мекемелердің түлектерін бейімдеу және қолдау орталығындағы жастармен кездесуден бастады. Бүгінде аталған орталықта 29 жасқа дейінгі 198 азамат тұрып жатыр. Оның ішінде 132 жас оқуын аяқтаған, енді жұмысқа орналасулары керек.

«Отбасында тәрбиеленген балаға қалыпты деп саналатын дүние әлеуметтік мекеменің тәрбиеленушісіне түсініксіз әрі әдеттен тыс болып көрінуі мүмкін. Біз неліктен жұмысқа орналаспағандарын білу үшін «Жастар үйіндегі» азаматтармен кедестік. Оларға мемлекеттік нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасын қолдануда көмектесу біз үшін маңызды. Балалар үйінен шыққан түлектердің көбі арнайы курстарды, колледжерді, тіпті жоғары оқу орнын аяқтаған, бірақ жұмыс таппаған», - деді Кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Жанат Естаев.

Оның айтуынша Кәсіпкерлер палатасы маман дайындау мәселесінде Аматының кәсіпорындарымен байланыс орнатқан. Әлеуметтік мекеме түлектерін де жұмысқа орналастыруда барлық көмек көрсетіледі.

«Әлеуметтік мекеме түлектеріне бүгінде жұмысшы мамандығы дегенде міндетті түрде қара жұмыс еместігін түсіндіру керек болады. Мұнда да кәсіби білім мен жоғары технологиялық операцияны жүргізудің машығы қажет. Ең алдымен жұмысқа орналасып, өндірісті ішінен танып-біліп, одан кейін ғана мансаптық көтерілу болады. Мұны жастар біле бермейді, сондай-ақ тапқан еңбекақыны да орынды жұмсай алмайды. Біз байқаған тағы бір қиындық, балалар үйі түлектерінің пікіріне көңіл бөлу әрі жылына, бітіруіне қарай бөлу орын алған», - дейді Жанат Естаев.

«Жастар үйі» орталығының әлеуметтік мұғалімі Жадыра Беккәрімованың айтуынша олар тәрбиеленушілерге жұмысты әр кез тауып береді, алайда жастардың көбі бір-екі айдан соң жұмыстан шығып кетеді. Тәрбиешілер оларға жаңа жұмыс орындарын іздестіреді.

«Бүгінде «Жастар үйінде» 132 азамат тұрады. Кейбірі отбасын құрды. Арасында мүгедектер де бар. Жастардың көбі жұмыс істейді. Алайда үлкен өмірге психологиялық тұрғыда дайын емес азаматтар да бар. Олардың ойындағысы шынайы өмірмен сәйкес келмейді, осының өзі жұмыстан шығуға себеп болады», - деп ой бөлісті Жанат Беккәрімова.

Кәсіпкерлер палатасы «Атамекенім» акциясының аясында «Жастар үйі» әлеуметтік орталығының тұрғындарымен бірнеше кездесу ұйымдастырып, өнідіріс орындарымен таныстырып, жастарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламасы арқылы еңбекке араластырып, қажет жағдайда қайта оқытуды ойға алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер