«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Тұран-Экспресс» жолаушылар компаниясы «Атамекенім» акциясын қолдады

2017 жылғы 19 Қыркүйек
- Алматы қаласы
10166 просмотров

Өңірлік кеңестің көшпелі отырысында қала төңірегіндегі қатынастың әлеуметтік жобасы таныстырылды

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, танымал кәсіпкер, «Тұран–Экспресс» ЖШС мен «Тұран-медиа» ЖШС бас директоры, ҚР Спорттық балық аулау федерациясының президенті Роман Ботабеков жаңа әлеуметтік жоба – күн сайын қала төңірегіндегі темір жолы қатынасын таныстырды.

Электричка 15 тамыздан бастап Қапшағай қаласы мен Ұзынағаш ауылының арасына күніне рет рет қатынайды. Жол ақысы – 80 теңге. Қапшағай қаласына шамамен 1,5 сағатта жетсе, Ұзынағаш ауылына 2 сағатта барады. Вагондар жайлы, ыңғайлы креслолар қойылған, сонымен қатар велосипедшілерге де орын белгіленген, желдеткіштер орнатылған. Ұзынағашқа 9 вагон жөнелтілсе, Қапшағайға 6 вагон келеді, оған шамамен бір сапарда мыңға жуық жолаушы қатынайды. Қатынау уақыты да ыңғайлы, екі бағыт та Алматыға 7.00-8.00 уақытында келеді, яғни жұмыс уақыты басталар кезде жетеді де, кешке сағат 18:43 мен 21:43-те қайта жүреді. Алматы қаласы әкімдігі бұл жобаның белгілі бір бөлігіне субсидия берді.

«Бұл жобаны бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі деп айтуға болады. Бизнес халықтың ыңғайлылығы үшін, экологияны жақсартуға, тұрғындардың сапалы тасымалдау қызметін алуына жағдай жасау үшін кей шығындарға жол береді. Басқа да кәсіпкерлер осы жобадан үлгі алады деген үміттеміз», – деп пікір білдірді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов.

Вагон жөндеу зауытында өткен экскурсия барысында туристерге арналған эксперименттік вагон таныстырылды. Вагонда жуыну бөлмесі, бөбектерге арналған орындық пен бесік орнатылған, матамен қапталған сөрелері бар, ол былайша айтқанда дөңгелектегі үйшік тәрізді.

«Бұл қонақ үй-пойыз секілді, қалаға таңертең келгеннен кейін жолаушыларды кешке дейін күтеді. Осылайша Қазақстанға туристерді тарту жоспарланған. Біздің жобаларымыздың басым көпшілігі әлеуметтік бағытта. Өтелімділігі төмен болса да жолақысын 80 теңге деп бекіттік. Біздің басты мақсатымыз – қаланың экологиялық жағдайын жақсарту,  көлік кептелегін азайту, тұрғындарға сапалы қоғамдық көлікті ұсыну. Қалаға жақын ауылдардан күн сайын шамамен 500-мыңдай адам жұмысқа қатынайды, 200 мыңнан аса автокөлік кіреді. Болашақта басқа аудандар мен қалаға жақын ауылдарға да бағыттарды ашуды жоспарлап отырмыз», – деп хабарлады Роман Ботабеков.

Жоба таныстырылымы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында ұйымдастырылған «Атамекенім» акциясына орай өтті. Акция әлеуметтік жауапкершілік мәселесінде бизнес бастамаларына қолдау көрсетуге бағытталған. «Атамекенім» акциясы Қазақстанның 14 облысында, Астана мен Алматы қалаларында өтіп жатыр. Жоба мұқтаж жандарға қайырымдылық жасаған және әлеуметтік жауапкершілік танытқан кәсіпкерлерді қолдайды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер