«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Табысты сыртқа шығару назарға алынады

2017 жылғы 20 Тамыз
7463 просмотров

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының BEPS бойынша ұсынымдары Салық кодексі жобасында ескерілмек

22 тамыз күні Ұлттық палатада Салық кодексі жобасына енгізілетін өзгерістер жайында талқылау өтті. Шараға ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов, ҚР Қаржы министрлігі Басқарма жетекшісі Мәриям Мұханова қатысты,  онлайн байланыс арқылы кәсіпкерлік қауымдастық өкілдері қатысты.

«Бүгін Салық Кодексі жобасына  Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының BEPS бойынша кейбір ұсынымдарын енгізу жайын талқылаймыз», – деді Рустам Жүрсінов.

Алдымен BEPS деген не және Салық Кодексі жобасында не үшін ескерілу керек деген сауал туады. BEPS – (Base Erosion and Profit Shifting) Базалық эрозия және табыстың ауысуы деген мағына береді. ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығында  Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы  «әділетсіз» салықтық бәсекелікті жою мақсатында шаралар тізбесін бекітетін құжат әзірлеуді ұйымға мүше мемлекеттерге ұсынады. Мемлекеттер бұл ұсынысты қолдап, бастама бірлескен жобаға айналды. Базалық эрозия және табыстың ауысу түсінігін салық базасының жырмалануы және табысты қайта бөлу туралы есеп деп айтуға болады. 2013 жылы BEPS туралы декларация қабылданды. Ұйым берген ұсынымдардың басым бөлігі оффшорлық құзіреттерді қолдану бойынша бизнес әдістеріне қатысты.  

 Мәриям Мұханованың айтуынша дүниежүзілік қауымдастық, оның ішінде халықаралық ұйымдар тапқан табыстарын мемлекеттен шағырып, салықтық ауыртпалығы аз немесе тіпті жоқ мемлекеттерге апару мәселесі алаңдатады.

 «Бұл әлемдік мәселе, өкінішке орай Қазақстанға да қатысты. Біздің салықтық заңнама салық бойынша жеңілдігі бар мемлекеттермен бәсекеге қабілетті емес. Салық заңнамасы қатаң мемлекеттер бірлесіп, салық базасының жырмалануын және табыстың басқа жаққа кетуін жою мақсатында  BEPS атты жоспар қабылдады. Жоспар аясында ұсынымдар жасалды, жоспардың өзі 14 тармақтан тұрады», – деді ҚР Қаржымы министрлігі Басқарма жетекшісі.

 BEPS – бұл салық төлеуден қашқан трансұлттық компанияларға қолданылатын салық жоспарлаудың стратегиясы. 

Соңғы бір жарым жылда Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымын есепке ала отырып түрлі мемелекеттердің инвестициялар көлемін қарасытырды, ҚР Қаржы министрлігі ұсынымдардың кейбірін қабылдады.

 ҚР Қаржы министрлігі өкілінің айтуынша егер резидент жеке тұлға немеса заңды тұлға 25% акцияларға тікелей немесе бақыланбалы тұлғалар арқылы жаңама түрде иелік етсе, онда бақыланбалы шетелдік компанияның табысы тартылады. Бақыланбалы тұлға – толығымен қазақстандық резидент меншігіндегі компания.

 «Мәселен, қазақстандық «А» компаниясы, сингапурлық «Ә» компаниясының 25%-ын иеленіп отыр делік. Ал «А» компаниясын 100%-ы гонконгтық «С» компаниясы иеленіп отыр. «Ә» компаниясы «С» компаниясы үшін аралық компания болып есептеледі. Қазақстан аралық компанияның 25%-ын иеленіп отыр, бұл 50%-дан кем. Егер резидент бақылау пакетін иеленбесе, оның үлесі 25%-ды ғана құраса, онда сингапурлық және гонконгтың компаниялар арқылы табыстар бізге тартылмайды», –деп түсіндірді Мәриям Мұханова.    

 Шара барысында бақыланбалы шетелдік компанияға қатысу туралы өтінімді өзгерістер орын алған немесе БШК-ға қатысуды тоқтату туралы өтініш берілген күннен бастап 60 жұмыс күні ішінде берілуі керек.

 Капиталдың сыртқа шығыуын шектеу мақсатында Бақыланбалы шетелдік компания нормаларын жетілдіру бойынша әзірлеме кіріспес бұрын ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттің төлемдік балансына талдау жүргізді. Егер сіз Сингапур ішінде жұмыс істесеңіз салық мөлшерлемесі үлкен болады, ал Қазақстаннан қаржы әкелсеңіз – мөлшерлеме 0-ге тең.

 «Қазақ инвесторы Сингапурға ақша салуға дәмелі. Егер ақша салса, БШК шектемейді. Егер Сингапурдағы қаржылық табысқа 3 жыл ішінде салық салынбаса, орта арифметикалық есеп 10%-дан аз болса, онда қаржы табысы Қазақстаннан тартылады» ,– деді Мәриям Мұханова.

«Біз шетелде компания иеленуді шектемейміз. Экономикалық тұрғыдан қарағанда біз тек салық жағын қарастырып жатырмыз. Табысқа салық салынады», – деді Қаржы министрлігі өкілі.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер