«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жүйріктер додасы басталды!

2016 жылғы 11 Тамыз
- Алматы қаласы
8722 просмотров

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары-2016» өңірлік байқау-көрмесі ашылды

Шараның ашылуы Grand hall Almaty towers-те салтанатты жағдайда өтті. Символикалық қызыл лентаны Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің басшысы Ерлан Стамбеков пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов кесті.

«Алматыда 200 мыңдай кәсіпкер бар, бүгін біз мына жақта олардың бар-жоғы 500-ін ғана қабылдаудамыз. Бұл көрсеткіштің артқандығын қалар едік. Осыған байланысты Палата да, әкімдік те жаңа өндірістердің ашылуы үшін ауқымды қадамдар жасауда, яғни ынталандырып, мүмкіндіктер беруде. 10 жыл дегеннің бастама ғана екенін айтқым келеді. Келесі көрмелер бұдан да көп қатысушымен үлкен аумақта өтеді деп үміттенеміз, ал жыл сайын қатысып жүрген корифейлер жеке бизнестерін, жеке өндірістерін бұдан ары қарай да дамыта береді деген ойдамыз», – деп Алматы қаласы ӨКП Өңірлік кеңесінің төрағасы Ерлан Стамбеков қонақтарды қарсы алды.

«Қазақстанның үздік тауары» көрмесіне қош келіпсіздер. Ертең негізгі қортынды шығарылады, ал бүгін қала тұрғындары үшін алматылық үздік кәсіпорындар ұсынған өнімдер көрмесі ашық», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов құттықтау сөзінде.

Жүздеген қала тұрғындары мен қонақтары мұнда отандық тауар өндірушілерге құрмет көрсетіп, бүгінде қалада шығарылатын тауарларды өз көздерімен көруге және тауарларды дәл көрменің өзінен дайындаушы ұсынған бағамен сатып алуға жиналды.

Айта кетерлігі, биыл «Қазақстанның үздік тауары» байқауы елімізде 10 жыл қатарынан өткізіліп отыр, оны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып келеді. Бұл кәсіпкерлер үшін ең бір жарқын оқиғалардың бірі, өйткені дәл осы күні компания қызметіне жоғары баға беріліп, оның жетістіктері мен еңбегі мойындалады. «Қазақстанның үздік тауары» сыйлығы – бұл өзіндік сапа белгісі және бұл марапат үздіктердің үздігіне ғана табыс етіледі.

«Биыл байқауымыз дәстүрлі түрде екі күнге созылады. Бүгін сағат 17.00-ге дейін көрме өтеді, онда сіздер алматылық кәсіпорындар шығаратын өнімдерді көре аласыздар. Көрмеге отандық өндіріс тауарларының үздік үлгілері қойылған. Ал ертең 16.00-де біз сіздерді салтанатты марапаттау рәсіміне шақырамыз. Онда байқау жеңімпаздарының есімдері жарияланады», – деп хабарлады Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат Құдайберген.

Шара қорытындысы бойынша «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Халыққа арналған үздік тауар», «Үздік азық-түлік тауары» сияқты үш аталым бойынша жеңімпаздар анықталады. Кейінірек бұл компаниялар Алматы қаласының атынан Астанада өтетін байқаудың республикалық кезеңіне қатысады. Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауына қатысуға қаладағы 83 компания өтінім берген еді. Соның жартысы (44 компания) шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді.  Бұл дегеніңіз, бүгінгі таңда, Алматы қаласының экономикасын шағын кәсіпкерліктің қуатты күші айшықтауда, өйткені олар аударған қаражатқа қалада мектептер мен тұрғын үйлер, емханалар салынуда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер