«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

DIGITAL MARKETING WORKSHOP

Digital Marketing workshop 2017 жылдың қыркүйегінде ұйымдастырылды. Жобаны жүзеге асыру барысында 3 воркшоп және мастер-кластар өткізілді. 200-адам Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасының Digital Marketing workshop курстарын аяқтағаны туралы сертификат алды.

Интернет-маркетинг бойынша осы оқыту курсы электрондық коммерция құралдары және контекстік жарнамамен жұмыстың негізгі принциптері көмегімен өз компанияларын дамытуға, бюджет шеңберінде жарнамалық науқандарды үйлестіруге және әлеуметтік желілер арқылы брендті танымал етуге арналған.  Сабақ тақырыптары жарнама түрлеріне (контекстік, имидждік, баннерлік, нативті, медиалық, бейнетаспаға), медиаплануға, digital-стратегияларды әзірлеуге және веб-талдауға арналды. Практикалық сабақтарда оқушыларға Google AdWords, Яндекс Директ, Facebook, Instagram, VKontakte, LinkedIn-да ақылы және тегін тауар / қызмет жарнамасын іске қосу ұсынылды. Сондай-ақ қатысушылардың назарына конверсияны оңтайландырудың, сатуды арттырудың және жарнаманың тиімділігін арттырудың нақты тарихы ұсынылды. Сонымен қатар, жетекші компаниялардың шақырылған сарапшылары Programmatic, ұялы құрылғылардағы жарнама және YouTube сияқты қазіргі заманғы сату технологиялары туралы айтты. Қатысушылар бизнестегі неймингтің рөлі, жаңа брендтердің пайда болу тарихы, контент стратегиясын құру және Digital дәуіріндегі коммуникацияны қалай жандандыратыны туралы білетін болады.

Тренингтерге жаңа бастаған және тұрақты жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, компаниялардың менеджерлері мен маркетологтары қатысты. Спикерлер ретінде Қазақстанның жарнама агенттіктерінің жетекші сарапшылары, сондай-ақ Google және Яндекс ірі іздеу жүйелерінің өкілдері шақырылды. Жобаның серіктестері - Google Partners, Яндекс Қазақстан, Microsoft Қазақстан, Select Communication Group, Vi Digital Қазақстан, Кликобилие, Mastersite, Apex Interactive, JediMarketing иАО “Қазтелепорт».

Клубтың алдағы отырыстары туралы барлық жаңалықтары «Бизнес в Алматы» Фейсбук парақшасындағы топта жарияланады. Клубқа қатысу тегін.

Байланыс телефон: 8 (727) 33-101-33

Еншілес ұйымдар

Серіктестер