«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы – «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының аумақтық бөлімшесі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2013 жылғы 8 қазанда құрылған, сондай-ақ бизнес пен биліктің тиімді әріптестігі негізінде даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында кәсіпкерлік субъектілерін біріктіретін коммерциялық емес, өзін-өзі басқаратын ұйым.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы қызметінің негізгі бағыттары

 1. Оқыту, кеңес беру, кәсіпкерлерді бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары, бизнесті жүргізу, заңнамалық талаптар мен жаңалықтар және т. б. туралы хабардар ету.

2. Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау, әкімшілік кедергілерді және бизнестің түйткілді мәселелерін аудандар, өңірлер, республика ауқымында анықтау және шешу.

3. Отандық өндірістерді дамыту және тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі қазақстандық қамту үлесін арттыруға жәрдемдесу, бизнес-жобаларды және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу.

4. Алматы қаласының кәсіпорындарында сұранысқа ие мамандарды кәсіби дайындауға жәрдемдесу.

5.  Карантин кезеңінде кәсіпкерліктің барлық түрінің жүріп-тұруы және жұмыс істеуіне қатысты шектеулер туралы жедел ақпарат.

6. Бизнеске қатысты заңнамадағы маңызды өзгерістер, жаңа заңдар.

7. Бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар және оларды қолдану шарттары, пайдалы курстар, жобалар.

Барлық мәселелер бойынша «Атамекен» ҰКП байланыс орталығына 1432 хабарласуды сұраймыз. 

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі парақшалары: 

Facebook: www.facebook.com/groups/AlmatyBiz («Бизнес в Алматы»)

Instagram: @biznesshtabalmaty

Telegram: t.me/biznesshtabalmaty

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер