«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҰКП Салық кодексін реформалау мәселесі бойынша ресми өтініштерді жинауда

2026 жылғы 23 Қаңтар
1154 просмотров

Жақында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Салық кодексін реформалау бойынша ел билігінің тапсырмаларын орындауға арналған кеңес өткізді. Осы жұмыс аясында Салық кодексін енгізу жөніндегі Жобалық офис құрылды. «Атамекен» ҰКП Салық кодексін енгізу бойынша аса маңызды мәселелер пулын жасақтап, оларды әрі қарай Жобалық офисте талқылауды жоспарлауда. Жауапты тұлға ретінде Ұлттық палата Басқарма Төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов тағайындалды. Салық заңнамасына қатысты ресми өтініштер мен бастамалар «E-Otinish» платформасы арқылы Тимур Жаркеновтің атына қабылданады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174