«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

2025 жылғы 23 Желтоқсан
- Қарағанды облысы
227 просмотров

Қарағанды облысының Кәсіпкерлерпалатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаужөніндегі кеңестің отырысында электрэнергиясын теңгерімдеу қызметтері бойыншашартты бұзу және көтерме нарықтан шығумүмкін болмауына байланысты «Сантехпром» ЖШС-нің өтініші қаралды.

Отырыс барысында айтылғандай, кәсіпорын2025 жылдың сәуірінде «KEGOC» АҚ-мен тиістішарт жасасқан. Алайда көтерме нарыққа қатысу күтілгендей шығындарды азайтудың орнына, керісінше, электр энергиясына жұмсалатын шығындардың өсуіне және қаржылық шығындарға әкелген.

«Біз көтерме нарыққа электр энергиясына кететін шығындарды азайту мақсатында кірдік. Алайда іс жүзінде кері нәтижеге тап болдық –шығындар артып, кәсіпорын залал шегіп отыр», — деді «Сантехпром» ЖШС бас директорыныңорынбасары Инна Радченко.

Компания өкілдерінің айтуынша, 2025 жылдыңқыркүйек және қазанында KEGOC атына шарттыбұзу және оның қолданылу мерзімін ұзартпаутуралы хабарламалар жолданған. Алайда жүйелік оператор тарапынан ешқандай жауап алынбаған, бұл кәсіпорынның тұрақты жұмысына қауіп төндіріп отыр.

«Жүйелік оператор тарапынан жауаптың болмауы бизнесті белгісіздік жағдайына қалдырады. Кәсіпорын көтерме нарықтан қандай тәртіппен және қандай мерзімде шыға алатынын түсінбейді», — деп атап өтті Қарағанды облысының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесінің төрағасы Геннадий Жмук.

Талқылау барысында кәсіпкерлер, соның ішіндеНиколай Абт, электр энергиясы нарығынмонополиялау және тарифті қалыптастырумәселелерінің жүйелік сипатына назар аударды. Атап айтқанда, қолданыстағы тетіктердің әрдайым бизнес шығындарын төмендетуге мүмкіндік бермейтіні, ал кей жағдайларда кәсіпкерлерді баламалы энергия көздерін іздеуге мәжбүр ететіні айтылды.

Отырыста электр энергиясының көтерме нарығына кіру тәртібі қолданыстағы регламенттерде егжей-тегжейлі көрсетілгенімен, одан шығу механизмі нақты айқындалмағаны атап өтілді.

«Бүгін біз жүйелік олқылықты көріп отырмыз: нарыққа кіру тәртібі бар, ал одан шығу тәртібі жоқ. Бұл құқықтық белгісіздік туғызып, кәсіпкерлер үшін қосымша тәуекелдерге әкеледі», — деді Қарағанды облысы Кәсіпкерлерпалатасының сарапшысы Игорь Кветинский.

Отырысқа қатысқан KEGOC өкілдері компания филиалдарының мұндай шарттарды бұзу жөнінде өкілеттігі жоқ екенін, тиісті шешімдер тек орталық аппарат деңгейінде қабылданатынын түсіндірді.

Талқылау қорытындысы бойынша Кеңес мәселені республикалық деңгейде пысықтауды және кәсіпкерлік субъектілерінің электр энергиясының көтерме нарығынан шығуына арналған нақты мерзімдері көрсетілген ашық әрі түсінікті тетікті әзірлеуді ұсынды.

Қарағанды облысының Кәсіпкерлерпалатасында «Сантехпром» ЖШС-нің өтінішінсүйемелдеу және бизнестің мүддесін қорғаужұмыстары жалғасатыны атап өтілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174