«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ШОБ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ҚОЛДАУ ШАРАСЫ: Атырау облысында АСР мөлшерлемесі 2%-ға төмендетілді

2025 жылғы 01 Желтоқсан
- Атырау облысы
441 просмотров

Атырау қаласы мен облыстың жеті аудандық мәслихаттары арнайы салық режимінің (АСР) мөлшерлемесін 2 пайызға дейін төмендетуді мақұлдады.

Еске салсақ, бұл мәселе бойынша шешім биылғы жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылдануы тиіс болатын. Бүгінгі күні облыс бойынша жұмыс толық аяқталды.

Жаңа мөлшерлеме 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және өңірдегі шағын және орта бизнес үшін ең маңызды қолдау шараларының бірі болмақ.

Бастаманы дайындаудың негізгі қатысушыларының бірі – Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасы. Палата жергілікті мемлекеттік органдармен және кәсіпкерлер қауымдастығымен белсенді өзара әрекеттесіп, бизнес ұсыныстарын жинап, консультациялар мен негіздемелер жүргізді. Бұл мәслихаттар деңгейінде шешімнің кең қолдау табуына мүмкіндік берді.

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының пікірінше, салық жүктемесінің азаюы кәсіпкерлікті дамытуға қосымша мүмкіндіктер беріп, кәсіпорындардың тұрақтылығын арттырады және босатылған қаражатты өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, жұмыс орындарын ашуға және жалақыны арттыруға бағыттауға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде ШОБ өкілдері АСР мөлшерлемесінің төмендеуі жаңа кәсіпкерлер мен инвестицияларды өңір экономикасына тартуға ықпал ететінін атап өтеді.

«Біз, Атырау облысының кәсіпкерлері, соның ішінде «Үй жанындағы дүкендер» өкілдері, бұл қолдау шарасына өте қуаныштымыз. Бұл бизнестің көлеңкеден шығуына, тіркелген бизнес субъектілерінің санын арттыруға және іскерлік климатты жақсартуға ынталандырады. Нәтижесінде, бұл жалпы өңір экономикасының дамуына оң әсер етеді», – деп атап өтті «Үй жанындағы дүкендер» өкілі Ляззат Досмағамбетова.

Айта кету керек, ҚР Үкіметі белгілі бір қызмет түрлері үшін оңайлатылған декларация негізіндегі АСР қолдануды шектейтін қаулыны бекітіп, жариялады. Шектеуге 44 санат, ОКЭД бойынша 185 нақты қызмет түрі енді. ОКЭД-і осы тізімге кіретін кәсіпкерлер жаңа талаптарға сәйкес келетін салық тәртібіне алдын ала дайындалуы және өз қызметін бейімдеуі қажет.


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174