«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан мен Эстония іскерлік ынтымақтастықты нығайтуда: қос ел сауда палаталары арасында Меморандумға қол қойылды

2025 жылғы 18 Қараша
555 просмотров

2025 жылғы 17 қарашада Эстония Республикасының Президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Эстония Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Құжатқа Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма Төрағасы Мұрат Қарымсақов пен Эстония Сауда-өнеркәсіп палатасының Басқарма төрағасы Оливер Вээртнёу қол қойды. Шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эстония Республикасының Президенті Алар Карис қатысты.

Меморандум өзара тиімді сауда-экономикалық және ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге, екі елдің кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды дамытуға, сондай-ақ бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруға, делегациялар алмасуға және инвестициялық бастамаларды ілгерілетуге бағытталған.

Құжатқа қол қою мемлекет басшылары деңгейіндегі екіжақты келіссөздердің бір бөлігі болды. Келіссөздер барысында тараптар стратегиялық әріптестікті нығайтуға өзара ниетті екенін растады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтау сөзінде:

«Біз Эстонияны өте маңызды стратегиялық серіктестердің бірі деп санаймыз, эстон халқының тарихы, дәстүрлері мен мәдениетіне үлкен құрметпен қараймыз. Қатынастарымыздың жүйелі түрде дамып келе жатқанына аса қуаныштымын», — деді.

         Айта кетейік, Меморандумға қол қою Қазақстан мен Эстония арасындағы әріптестікті тереңдетудің маңызды қадамы болып, екі елдің іскерлік ынтымақтастығы мен институционалдық жақындасуына жаңа мүмкіндіктер ашты.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174