«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырауда коррозияға қарсы қорғау бойынша халықаралық семинар өтуде

2025 жылғы 11 Қараша
- Атырау облысы
206 просмотров

Үш күнге созылатын «Коррозия негіздері және оны қорғау әдістері» атты мамандандырылған семинарды «CIP» ЖШС оқу орталығы Атырау облысының кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Іс-шара Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өтіп, нано-композитті жабындардың заманауи технологияларына және коррозиядан пассивті қорғау әдістеріне арналды. Бұл – биылғы жылы «CIP» оқу орталығы өткізген екінші семинар, оның мақсаты – саланың мамандары арасында кәсіби құзыреттерді дамыту және тәжірибе алмасу.

Семинар «CIP» оқу орталығы мен Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы арасында жасалған ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы меморандум аясында өтуде. Құжат мамандардың біліктілігін арттыру және өңірдің өнеркәсіп саласына озық технологияларды енгізу бойынша бірлескен жұмысты қарастырады.

Семинардың басты мақсаты – озық тәжірибемен алмасу, инновациялық шешімдерді көрсету және мұнай-газ, мұнай-химия және құрылыс салаларындағы нысандардың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға қатысты өзекті мәселелерді талқылау.

Іс-шараға Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада және Қазақстаннан келген сарапшылар қатысып, коррозияға қарсы қорғау, жылу оқшаулау және өрттен қорғау саласындағы заманауи әдістерді ұсынады. Тыңдаушылар қатарында мұнай-газ, мұнай-химия, құрылыс және энергетика компанияларының өкілдері мен колледждердің өндірістік оқыту шеберлері бар. 

Спикерлердің арасында «CIP» ЖШС директоры Айгүл Нарыңбетова, сондай-ақ «Carboline Europe», «SAPI GmbH», «Belzona Limited», «Corrocoat Caspian», «COSOS Group», «АНТИКОР» және «ВМП» компанияларының өкілдері бар.

«Біз коррозияға қарсы қорғауға деген қызығушылықтың жыл сайын артып келе жатқанын байқаймыз. Біздің мақсатымыз – саланың сарапшылары мен тәжірибелі мамандарын біріктіріп, өндірістік нысандардың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға көмектесетін заманауи технологиялар мен тәсілдерді көрсету. Мұндай кездесулер кәсіби қауымдастықтың дамуына және білікті кадрларды даярлауға ықпал етеді», — деді «CIP» ЖШС директоры Айгүл Нарыңбетова.

Семинар қатысушыларын халықаралық мамандардың баяндамалары, заманауи жабдықтардың көрсетілімі, практикалық кейстер және коррозияға және өртке қарсы қорғау саласындағы ең жаңа шешімдерді талқылау күтіп тұр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл семинар — саладағы жетекші компаниялар өкілдері арасындағы білім алмасу мен кәсіби байланысты нығайтуға арналған тиімді алаңға айналып келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174