«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бүгін Алматы қаласындағы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында инвесторлармен кездесу өтті.

2025 жылғы 07 Қазан
- Алматы қаласы
491 просмотров

Кездесуге Алматы қаласының прокуроры С.А. Карипбеков, «Атамекен» өңірлік палатасының директоры Ч.М. Маманов, сондай-ақ қалалық прокуратура, Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, «Kazakh Invest», «Almaty Invest» және «Технопарк «Алатау» өкілдері қатысты.Басты тақырып – Мемлекет басшысы мен Бас прокурордың инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі тапсырмаларын орындау. Прокуратура органдары Президенттің тапсырмасы бойынша инвестициялық жобаларды құқықтық тұрғыда сүйемелдеп, әкімшілік кедергілерді жою мен инвесторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Соңғы жылдары ел бойынша 800-ден астам проблемалық жағдай шешіліп, 1300-ден астам инвесторға қолдау көрсетілді. Кездесуде Алматы қаласының инвестициялық тартымдылығын арттыру, инфрақұрылымды дамыту және мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелері талқыланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174