«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодар облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жергілікті атқарушы органдардың Бірыңғай есеп беру күніне бизнесті шақырады

2025 жылғы 15 Қыркүйек
- Павлодар облысы
241 просмотров

Кездесу 25 қыркүйек күні, сағат 11.00-де, Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде (Луговая көшесі, 16 үй, 316-кабинет, конференц-зал) өтеді.

Іс-шараның мақсаты – кәсіпкерлік субъектілерімен бірге мемлекеттік бақылау, қадағалау және Қазақстан заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу нәтижелерін талқылау.

«Бірыңғай есеп беру күні қорытындысы бойынша бақылау және қадағалау органдарының өкілдерімен, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органмен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл уәкілетті органымен, прокуратурамен және Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасымен келісілген хаттамалық шешім қабылданатын болады», – деді Павлодар облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Ерканат Әбенов.

Бизнес алдындағы Бірыңғай есеп беру күні кәсіпкерлер палатасында жыл сайын өткізіледі. Оған өңірдің бақылау-қадағалау органдарының басшылары мен өкілдері, облыс аумағында мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізетін ведомстволар, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті және облыс прокуратурасы қатысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174