«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбеде «Кәсіби маман» байқауының қорытындысы бойынша кадр даярлауда үздіктерді анықтады

2025 жылғы 14 Шілде
- Ақтөбе облысы
350 просмотров

«Кәсіби маман» байқауының өңірлік кезеңінің салтанатты қорытындысы шығарылды. Жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған бұл шара Ақтөбе облысының жоғары білікті мамандарын даярлауға үлес қосқандардың еңбегін мойындауда маңызды қадам болды.

«Кәсіби маман» байқауы табысты дуальды оқытудың барлық тізбегін қамтып, әр буынның үлесін атап өтеді: жұмыс орындарын және практикалық базаларды ұсынатын кәсіпорындардың; заманауи білім беру бағдарламаларын әзірлейтін колледждердің және, әрине, білімі мен тәжірибесін жаңа буын кәсіпқойларына беретін тәлімгерлердің еңбегін ерекше атап өтті.

Өңірлік комиссия Ақтөбе облысының кадр даярлаудағы жоғары әлеуетін растап, республикалық деңгейде таныстыратын үш жеңімпазды таңдады. Биыл байқауды Кәсіпкерлер палатасы алғаш рет онлайн форматта өткізді.

Жеңімпаздарды Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұлов «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсы аясында марапаттады.

Өз номинацияларындағы көшбасшылар:

-«Кадр даярлауға қатысушы үздік кәсіпорын»: Бұл номинацияда «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – «Дөн тау-кен байыту комбинаты» сөзсіз көшбасшы атанды. Өңірдегі тау-кен өнеркәсібінің жетекші кәсіпорны білікті жұмысшы кадрларын даярлауға белсенді қатысып, әлеуметтік жауапкершілік пен өз әлеуетін дамытудағы көрегендіктің үлгісін көрсетті.

-«Жұмысшы кадрларды даярлау бойынша үздік колледж»: Бұл құрметті атақ Хромтау тау-техникалық жоғары колледжіне берілді. Колледж облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен фестивальдарға, соның ішінде беделді «WorldSkills» байқауына белсенді қатысуымен және көптеген жеңістерімен танымал. Хромтау тау-техникалық колледжі — дуальды оқытудың табысты үлгісі. Колледж жергілікті кәсіпорындармен, атап айтқанда, «Қазхром» ТҰК» АҚ «Дөн тау-кен байыту комбинатымен» тығыз байланыста жұмыс істейді. Мұнда жерасты кен орындарын игеру, пайдалы қазбаларды байыту және электромеханикалық жабдықтарға қызмет көрсету сияқты 11 сұранысқа ие мамандықтар бойынша мамандар даярланады. Барлық студенттер серіктес кәсіпорындарда практикадан өтеді, ал түлектердің 98%-ы колледжді бітіргеннен кейінгі алғашқы жылы жұмысқа орналасады.

-«Өндірістегі үздік тәлімгер»: Бұл номинацияда «Шинторг-Центр» ЖШС атынан қатысқан Вадим Фаткуллин жеңімпаз деп танылды. Бұл кәсіпорын Ақтөбе автожол колледжінің сенімді әлеуметтік серіктесі болып табылады, бұл тамаша нәтижелерге қол жеткізу үшін бизнестің және білім берудің өзара әрекеттесуінің маңыздылығын көрсетеді.

«Біз әрбір кәсіпорынға, әрбір колледжге және әрбір тәлімгерге олардың жанқиярлық еңбегі, жоғары сапа стандарттарына деген адалдығы және өңірдің кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс білдіреміз. Жеңімпаздарды өңірлік кезеңдегі лайықты жеңісімен құттықтаймыз және оларға одан әрі даму, жаңа жетістіктер мен республикалық байқауда сәттілік тілейміз», — деп атап өтті Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұлов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер