«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

52 кәсіпорынның өкілдері "Атамекен" Павлодар палатасында конкурсқа қатысуға тіркелді

2025 жылғы 27 Маусым
- Павлодар облысы
268 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында «Қазақстанның үздік тауары» байқауының сараптамалық комиссиясының алдын ала отырысы өтті.

Аймақтың 34 кәсіпорны өз өнімдерін таныстырды. Комиссия құрамына кірген сарапшылар, оның ішінде комиссия төрағасы – Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов, үш аталым бойынша ұсынылған өнімдермен танысты:

* «Үздік азық-түлік тауарлары»: сүт және кондитер өнімдері, жартылай фабрикаттар, нан-тоқаш бұйымдары және басқалар;
* «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»: қазандық жабдықтары, кабель өнімдері, полипропилен, темірбетон бұйымдары, арнайы киім және т.б.;
* «Халыққа арналған үздік тауарлар»: жиһаз, медициналық бұйымдар, киім және тағы басқа.

«52 кәсіпорынның өкілдері "Атамекен" Павлодар палатасында конкурсқа қатысуға тіркелді. Сараптамалық комиссияның қорытынды шешімі шілденің 15-і күні Павлодарда өтетін «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқау-көрмесінде қабылданады», – деді Ерқанат Әбенов.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер