«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Болгарияның Сауда-өнеркәсіп палатасы мемлекет басшыларының қатысуымен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды

2025 жылғы 09 Маусым
415 просмотров

2025 жылғы 9 маусымда Болгария Республикасының Қазақстан Республикасына жасаған ресми сапары аясында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Болгарияның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Құжатқа Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма Төрағасы Мұрат Қарымсақов пен Болгарияның Сауда-өнеркәсіп палатасы Басқарма кеңесінің мүшесі Станислав Новаков Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Болгария Республикасының Президенті Румен Радевтің қатысуымен қол қойды.

Меморандум екі ел кәсіпкерлері арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық және ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге, іскерлік байланыстарды дамытуға, бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға, делегациялар алмасуға және инвестициялық бастамаларды ілгерілетуге бағытталған.

Құжатқа қол қою мемлекет басшылары деңгейіндегі екіжақты келіссөздердің бір бөлігі болды. Келіссөздер барысында тараптар стратегиялық әріптестікті нығайтуға бейілділігін растады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің құттықтау сөзінде:

«Болгария – Қазақстанның Еуропадағы маңызды серіктестерінің бірі. Бізді терең саяси және экономикалық байланыстар біріктіреді. Біздің екіжақты ынтымақтастығымыз түрлі салаларда тұрақты серпінге ие. Бұл сенімді саяси диалогтан, парламентаралық жемісті өзара іс-қимылдан, сауда мен инвестиция көлемінің өсуінен, адамаралық байланыстардан және халықаралық аренадағы өзара қолдаудан көрініс табуда», – деп атап өтті.

Айта кетейік, Меморандумға қол қойылуы Қазақстан мен Болгария арасындағы серіктестікті тереңдету жолындағы маңызды қадам болып, іскерлік ынтымақтастық пен институционалдық жақындасу үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер