«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаңашылдық пен табыс: креативті кәсіпкерлер дәуірі

2025 жылғы 22 Мамыр
- Қызылорда облысы
718 просмотров

20 мамыр күні Отбасы орталығында кәсіпкерлерге арналған «Жаңашылдық пен табыс: креативті кәсіпкерлер дәуірі» атты ашық алаңы өтті.

Креативті индустрия - жаңа идеялар мен технологияларға негізделген экономикалық өсімнің қозғаушы күші.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы мен «Анаға тағзым» орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға 50-ге жуық кәсіпкер қатысты.

Кештің басты қонағы «Атамекен ҰКП-ның Кәсіпкерлікті дамыту және әйелдер мен шағын бизнесті қолдау департментінің директоры Жунисова Гулия Батырханқызы болды. Сонымен қатар Өңірлік кеңес, салалық кеңес мүшелері мен Республика партиясының өңірлік филиал өкілдері қатысты.

Ең алдымен қонақтар арнайы ұйымдастырылған креативті кәсіпкерлер көрмесін тамашалады.

Шараның негізгі бөлігін Атамекен ҰКП  департамент директоры Г.Жунисова, Өңірлік палата директоры П.Сыздық және «Анаға тағзым» орталығының директоры А.Молжанова алғы сөзбен ашып, шараның сәтті өтуіне тілектестік білдірді.

Әрі қарай тәжірибелі спикерлер өз біліктілігімен бөлісіп, пікір алмасты. Сонымен қатар, сұрақ-жауап форматында еркін әңгіме өрбіді.

Сыр өңірінің креативті кәсіпкерлерінің ұлттық киімдер дефилесі кештің көркіне айналды. Әсіресе, қаламызда «Айман Абди» брендімен танымал Айман Ғалымбекқызының бүлдіршіндері көрсеткен сән салтанаты көптің көңілінен шықты.

Айта кетейік, ашық алаңға Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қаламыздың алдыңғы қатарлы оқу орындарынан студент жастар қатысып, болашақ мамандық таңдауда өздеріне қажетті ақпарат алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер