«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Палата директоры Иранның Қазақстандағы елшісімен кездесті

2025 жылғы 02 Мамыр
- Түркістан облысы
298 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі Али Акбар Джоукармен кездесті. Кездесу барысында тараптар Түркістан облысы мен Иран арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, сауда, туризм, өңіраралық байланыстарды дамыту салалары бойынша өзара іс-қимыл мүмкіндіктері сөз болды.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Иранмен арадағы экономикалық байланысты тереңдетудің маңыздылығына тоқталды. «Иран Ислам Республикасы – Қазақстанның сыртқы саудасындағы маңызды әріптестердің бірі. Түркістан өңірінің кәсіпкерлері үшін Иран нарығы зор мүмкіндік ашады. Біз бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен инвестициялық ахуалды жақсарту бағытында ашықпыз», – деді Асылан Ибадуллаев.

Кездесуге облыстың аудан, қала кәсіпкерлері Zoom платформасы арқылы онлайн қосылып, бірқатар кәсіпкерлер офлайн форматта қатысты. Олар өздерінің ұсыныстарын ортаға салып, Иран тарапының қызығушылығын тудырған жобалар туралы айтып өтті.

Кездесу қорытындысында тараптар екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруға мүдделі екендерін білдіріп, тұрақты байланыс орнатуға уағдаласты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер