«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ордабасы ауданында кәсіпкерлік нысандарға сапар өтті

2025 жылғы 16 Сәуір
- Түркістан облысы
74 просмотров

Жұмыс сапары аясында ауданның бірқатар ірі кәсіпорындарына барылып, өндіріс барысы мен өзекті мәселелер талқыланды.

«Инфрастрой» ЖШС – құс етін өндіретін толық циклды фабрика. Жылына 3 млн балапан, 5 000 тоннаға дейін ет өндіреді. «Қайнар құс» брендімен өңір нарығына шығарылады. Баға – әлеуметтік маңызы бар тауарлар қатарына сай. Қазіргі таңда қаржыландыру мәселесі тұр.

«Батсу-Водоканал» ЖШС – еліміздің бірнеше өңіріне танымал кірпіш өндіруші зауыт. Өнімдерінің кең ассортименті мен экологиялық тазалығы кәсіпорынның бәсекелестігін арттырып отыр.

«Бөрте Милка» ЖШС – тәулігіне 50 тонна сүт өңдейтін жоғары технологиялы ферма және зауыт. 25 түрлі экологиялық таза өнім шығарады. 

«JNRAY Group» ЖШС – заманауи тігін фабрикасы. Кәсіпорын күніне 500 дана өнім шығарады, өндірістік алаңы – 1,5 гектар. Барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтылған. Сапар барысында өнім өткізуді кеңейту мәселесі көтерілді.

Кәсіпкерлер палатасы тарапынан кәсіпорындар ұсынған мәселелер сарапталып, жауапты мемлекеттік органдармен бірге шешу жолдары қаралатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер