«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада жүк көліктерінің салмақ параметрлерін бұзғаны үшін айыппұл қолдану мәселесі талқыланды.

2025 жылғы 11 Сәуір
- Астана қаласы
1160 просмотров

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында «Құрылыс және жер қатынастары» және «Көлік және логистика» салалық кеңестерінің бірлескен отырысы өтті.

Кеңесте талқыланған негізгі мәселе – елорда жолдарымен жүретін жүк көліктерінің салмақ параметрлерін бұзғаны үшін айыппұл салу тетіктері болды. Отырыста мемлекеттік органдардың өкілдері, салалық кеңестердің мүшелері, сондай-ақ қызметі көлік логистикасы мен құрылыс саласымен тығыз байланысты кәсіпкерлер қатысты.

Кездесу барысында көтерілген негізгі ұсыныстардың бірі – Құрылысшылар одағының бастамасы. Ұсынысқа сәйкес, ауыр жүк көліктерінің жол жабынына әсерін объективті бағалау жүргізілгенге дейін айыппұл салуға уақытша мораторий енгізу қажет. Қатысушылардың пікірінше, бұл мәселені жүйелі түрде шешу керек, бизнестің дамуына кері әсерін тигізетін күрт шектеулерден аулақ болу қажет. Егер сараптама ауыр техниканың жолға кері әсерін дәлелдесе, бизнес өкілдері жол инфрақұрылымын қалпына келтіру және жөндеуге бағытталатын мақсатты салық енгізуді ұсынуда. Сонымен қатар, елордада және бүкіл Қазақстан Республикасы аумағында ауыр жүк көліктерінің қозғалысын тиімді әрі шынайы реттеу механизмін әзірлейтін жұмыс тобын құру бастамасы да көтерілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер