«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер проблемалары сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент алаңында тыңдалды

2025 жылғы 09 Сәуір
- Алматы қаласы
1715 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Алматы қаласының жемқорлыққа қарсы департаменті мен «Атамекен» палатасының басшылары кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Астарлы импорт, әкімшілік тосқауыл, бизнес ісіне араласу сынды мәселелерін кәсіпкерлер ортаға салды. Кездесу барысында келеңсіз жағдайлар ашық айтылып, кәсіпкердер сұрақтарына жауап ала алды.

Мысалы, қалада жүретін такси және жеткізу қызметтерін полиция қызметкерлері автокөлікке орнатылған жарнамалық лед-тақтайшаларын алып тастауға мәжбүрлеуде.  Бұл қимылын заңға қайшы келеді, деп түсіндіруде. Кәсіпкерлер жауап алу үшін кездесуге арнайы келді. Алайда, «Атамекен» палатасының кәсіпкерлерді қорғау және әкімшілік тосқауылдарды азайту бөлімінің бастығы Еркебұлан Бейімбеттің түсіндіруінше, бұл әрекеттің өзі заңға қайшы. Жарнамалық тақтайшаларды орнатуға заңмен тыйым салынбаған екенін түсіндірді.

«Rozzpharm» ЖШС өкілі Данияр Абдулғапаровтың айтуынша, кей компаниялар шаһарда фитосанитариялық бақылаудан рұқсаты жоқ, астарлы импортпен әкелінген гүл сатылып жатыр. Ондай тауар  тұтынушыларға қауіп төндіріп, зиянды бәсекелестік тудырады.

Жеке кәсіпкер Сейфуллин былтырғы жылдың қараша айынан бері меншікке сатып алынған жер телімін игере алмай отыр. Қаланың урбанистика және қала жоспарлау басқармасы рұқсатын бермейді. Нысаналық бағытын өзгертуге тағы жол жоқ. Проблеманы шешудің нақты жолын таба алмаған кәсіпкер кездесуде жан айқайын жеткізді.

Осы мәселелер бойынша өңірлік палатаның кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесі барлық уәкілетті ведомстволарға шара қолдану туралы хат жолдады, сондай-ақ бизнес-омбудсменге өтініш дайындады. Алайда, тікелей айтылған мәселе бюрократиялық кідірістің болмауына ықтимал етеді.

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры проблема туындаған жағдайда палата жанынан істейтін кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлар жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесіне жүгінуге кеңес берді. Былтырғы жыл қорытындысы бойынша кеңестің араласуымен қала кәсіпкерлердің құқықтары 1,7 млрд.теңгеге қорғалды.

«Кәсіпкерлер құқығын қорғау ел Президентінің бақылауында. Кәсіпкерлікті дамытуға атсалысу және құқықтарын қорғау – палатаның негізгі бағыты. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті, прокуратура, тергеп-тексеру департаментімен тығыз қарым-қатынаста қызмет атқарамыз. Түсіп жатқан арыз-шағымдардың көбісі оңтайлы шешіліп жатыр. Алайда, мәселе жергілікті деңгейде шешімін таба алмаса да, палата оны түбегейлі шешуге барын салып, республикалық деңгейге, немесе бизнес-омбудсменге жеткізу арқылы шара қолданыла алады», - деп түсіндірді «Атамекен» ӨКП директоры Шыңғысхан Маманов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысы Арман Рахымовтың айтуынша бизнес шағымдары уақытылы қарау өз нәтижесін беруде.

«Былтырғы жыл қорытындысы бойынша бизнеске көрсетілген құқық бұзушылық фактілері айтарлықтай азайды. Сот қарауына парақорлық, қызметін асыра пайдалану, бизнес ісіне заңсыз араласу бойынша 6 қылмыстық іс жолданды. Және бизнес ісіне заңсыз араласу бойынша бір әкімшілік іс қозғалған. «Атамекен» палатасымен бірлесіп атқарылып жатқан жұмыс оңтайлы нәтиже беруде. Әр кәсіпкерге есігіміз әрдайым ашық», - деді Арман Рахымов.

Барлық дауысталған сауалдар бақылауға алынды. Олар бойынша қажетті тексерулер жүргізіліп, мемлекеттік органдарға кедергілерді жою туралы ұсыныстар жолданылады, делінді..

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер