«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысында «Бір ауыл – бір өнім» жобасына өтінімдер қабылдануда

2025 жылғы 12 Наурыз
- Алматы облысы
353 просмотров

«Бір ауыл – бір өнім» (бұдан әрі – БАБӨ) – кем дегенде бір бәсекеге қабілетті өнімді өндіру арқылы ауылды дамыту тұжырымдамасына негізделген жергілікті ресурстардан өнімді жасау және жылжыту бойынша қызметтер көрсетуге бағытталған жоба.  

Мақсаты – жергілікті және оқшауланған ресурстардан, оның ішінде ауылдық деңгейде өңірлік өнімдерді анықтау, сондай-ақ өндіріс технологияларын жетілдіруге жәрдемдесу және сыртқы және (немесе) ішкі нарықтарға шығуды ілгерілету.

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы «Мен Кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» («Кәсіпке бағыт» бағыты») қаржылық емес қолдау құралы аясында «Бір ауыл – бір өнім» жобасына өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды. Жоба аясында Алматы облысында көрме өтеді. Қатысу тегін.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында қызметтер офлайн режимде көрсетіледі:

Кеңес және толық ақпарат алу үшін Алматы облысы, Қонаев қаласы, 2 ш.а., 44 ғимарат.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірі: 7 707 766 6959 Ертлеуова Венера


Еншілес ұйымдар

Серіктестер