«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды облысында Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесіне сайлауға өтініштер қабылдау басталды

2024 жылғы 17 Желтоқсан
- Қарағанды облысы
471 просмотров

Осы жылдың соңында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Атамекен» өңірлік кеңестерінің қызметтегі мүшелерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Осыған байланысты 2025 жылдың қаңтар айында жаңартылған Өңірлік кеңес мүшелерін сайлау өтеді.

Қарағанды облысында өтініштерді қабылдау 2024 жылдың 18–31 желтоқсаны аралығында жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта Кәсіпкерлер палатасы жанында аудандық және салалық кеңестер, сондай-ақ аккредиттелген қауымдастықтар жұмыс істейді. Сайлау ережелеріне сәйкес, үміткерлер осы кеңестердің мүшелері арасынан іріктеледі.

Дауыс беру рәсімі 2025 жылдың 27–29 қаңтары аралығында өтеді және тікелей дауыс беру негізінде жүргізіледі.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

    •    Қазақстан Республикасының азаматтығы;

    •    Аудандық, салалық немесе қалалық кеңестің мүшесі болу, немесе Кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген қауымдастықтың алқалы органына мүше болу;

    •    Соңғы үш айда салықтық берешегінің болмауы;

    •    Соттылығының болмауы (өтелген немесе жойылған жағдайда рұқсат етіледі).

Қажетті құжаттар тізімі:

    1.    Белгіленген үлгі бойынша үміткерді ұсыну туралы өтініш.

    2.    Кәсіпкерлік субъектісінің жарғысы және/немесе құрылтай шартының көшірмесі (болған жағдайда).

    3.    Мемлекеттік тіркеуді растайтын құжат (кәсіпкерлік субъектісі ретінде).

    4.    Үміткердің түйіндемесі немесе өмірбаяны.

    5.    Лауазымын растайтын құжат (ТОО немесе АҚ үшін).

    6.    Үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі.

    7.    Соңғы үш айдағы салық берешегінің жоқтығын растайтын анықтама.

    8.    Заңды тұлға құрылтайшылары туралы анықтама (АҚ үшін).

    9.    Соттылығының жоқтығын растайтын анықтама.

Құжаттарды тапсыру тәртібі:

    •    Онлайн түрде: karaganda@atameken.kz

    •    Жеке тапсыруға болады: Қарағанды қаласы, Тәттімбет көшесі, 709, 2-қабат, 203-кеңсе.

 

Қосымша ақпарат:

    •    Call-орталық: 1432

    •    Байланыс нөмірі: +7 778 848 9696 (Меруерт Мұқашева).

 

Қарағанды облысының кәсіпкерлік саласын дамытуға өз үлесіңізді қосыңыз!

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер