«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы қаласының инфрақұрылымдық даму кеңесінің мүшелері Өңірлік кеңеске сайлау науқанын талқылады

2024 жылғы 05 Желтоқсан
- Алматы қаласы
1923 просмотров

Дереккөз: almatyinvest.com

Осы күндері Алматы қаласының барлық салалық кеңестері үшін басты мәселе – өңірлік кеңес құрамына сайлау. Инфрақұрылымдық даму кеңесінің кезекті отырысында да бұл сауал қаралды.

Алматы қаласының өңірлік кеңесіне сайлау қаңтар айында өтеді. Дайындық аясында ӨКП директорының орынбасары Жанна Мырзақұлова дауыс беру, сайлау өткізу тәртібі, қажетті құжаттар туралы айтып берді. Дауыс беру күні де келісілді. Кандидаттар салалық кеңестің келесі отырысында ұсынылады. Олар өңірлік деңгейде шешімін таппаған проблемаларды республикалық деңгейге көтеруі керек. Сол себептен, кандидаттар нағыз жанашыр, белсенді, тәжірибелі болуы керек, деп шешті кеңес мүшелері. Себебі, проблема аз емес.

Бүгінгі таңда Алматы қаласының инфрақұрылымдық даму саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер бюрократиялық кедергілерге, жер мен құрылыс материалдарына жұмсалатын шығындардың көп мөлшерімен, арзан несиелер мен инвестициялық қаражатқа жету мүмкіндігінің шектелуіне, коммуникациялармен проблемаларға тап болады. Жергілікті деңгейде шешімін таппаған сауалдарды өңірлік кеңес республика деңгейінде көтеріп пысықтайды, дейді салалық кеңес мүшелері.

«Күн тәртібіндегі мәселелерді нәтижелі талқыладық. Өңірлік кеңестің құзыры шешімін таппай жатқан мәселелерді қала әкімі, республика деңгейінде шешуге бар. Согдықтан, сайлауға деген назарымыз жоғары, толық құрамда дауыс беруге ниеттіміз. Сайлаудың ашық өткенін бәріміз де қалаймыз», - деді инфрақұрылымдық даму кеңесінің төрағасы Игорь Проценко.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер