«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТАР» ЖӘНЕ ГЕРМАНИЯМЕН СЕРІКТЕСТІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ

2024 жылғы 03 Желтоқсан
- Ұлытау облысы
403 просмотров

2025 жылға арналған «Іскерлік байланыстар» және Германиямен Серіктестік бағдарламаларына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау туралы хабарлаймыз!

Бағдарлама Қазақстанның шағын және орта бизнес басшыларына Германия нарығымен танысуға, іскерлік байланыстар орнатуға және неміс компанияларымен ұзақ мерзімді әріптестік орнатуға мүмкіндік береді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 2 желтоқсаннан 17 желтоқсанға дейін.
Өтінімдерді Өңірлік кәсіпкерлер палаталары қабылдайды.

2025 жылы бағдарламаға келесі салаларда жұмыс істейтін компаниялардың басшылары қатыса алады: 
•«жасыл технологиялар»;
•өнеркәсіп;
•ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі;
•медицина;
•экономиканың басқа да салалары.

Қатысу талаптары:
 1. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жоғары буын басшылары;
 2. Компанияның жылдық орташа табысы кемінде 10 000 (он мың) АЕК болуы (құжатпен расталады).

Қосымша ақпарат алу үшін Өңірлік кәсіпкерлер палатасына немесе 8 707 205 25 52 (Жанара Коканова) нөміріне хабарласуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер