«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» және бизнестің жаңаруы: кәсіпкерлер съезінде қандай бастамалар қарастырылуы тиіс?

2024 жылғы 11 Қазан
- Алматы қаласы
1747 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Алматыда «Атамекен» Ұлттық палатасы Төралқасының төрағасы Райымбек Баталов өңірлік кеңес мүшелерімен кездесті. Алқалы орган съезге бірнеше сұрақ қоюға ниетті. Олары «Атамекен» жұмысын ғана емес, сонымен қатар бизнесті жүргізу және оны салықтық әкімшілендіру рәсімін түбегейлі өзгертуге арналған.

Кәсіпкерлер съезінде «Атамекен» палатасы бизнес үшін неғұрлым қолайлы орта құруға бағытталған бастамаларын көтеруге ниетті. Трансформация аймақтардан басталмақ. Салалық кеңестердің белсенді қайраткерлері ӨКП жанындағы өңірлік, содан кейін ҰКП жанындағы салалық комитеттерге сайланатын болады. Трансформацияның екінші іргелі пункті ретінде Төралқа Төрағасы кәсіпкерліктің барлық субъектілері, ЖК қоса енгізілуі тиіс электрондық титулдық тізілімді қалыптастыруды белгіледі. Бұл сандық із қалыптастырады. Көрсетілген ЭҚЖЖ бойынша көрсетілген қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларының нәтижелері бірден көрінетін болады. Яғни, жыл қорытындысы бойынша бизнес-субъектілердің өнімділігі қаншалықты дамығаны белгілі болады. Бұл аудан әкімдерінен бастап, Премьер–министрге дейін барлығына қол жетімді болатын ашық талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

«Бұл шаралардың нәтижесінде біз, біріншіден, жалған өндірушілерді алып тастаймыз. Екіншісі, осы сәтте әділ әдіснама жасалады - шикізат деңгейі және локализация белгіленеді. Үшіншісі, біз осындай әдіснамамен бизнесті ынталандырамыз. Егер техникалық операциялар көбірек қолданылса және олар автоматтандырылған болса, бизнес субъектісі белгілі бір ұпайлар мен артықшылықтарға ие болады. Тиісінше, бірінші және екінші санаттағы Мемлекеттік сатып алуға, қолдауға және т. б. қатыса алады. Яғни, жаңа заң жобасында бір әдістеме болады және ЖТӨ белгісі бар тауарлардың бір тізілімі болады. Оларға бірден санат беріледі. Кәсіпкерлер мұның түбегейлі, нақты заң нормалары екенін сезінсе, оларды өндіріске қосымша қаражат құю қызықтырады», - деп түсіндірді Төралқа Төрағасы.

Бірыңғай тізілім енгізу мәселесін съезд талқылауына өңірлік кеңестер енгізуге ниетті. Жыл бойы кәсіпкерлермен жұмыс жасай отырып, оның қатысушылары бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимыл жүйесін, сонымен қатар пысықтауды қажет ететін сегменттерді анық көреді.

«Отандық тауар өндірушілерді көрсете отырып, тауарлардың бірыңғай тізілімін талдау жасап, сараптамалық шешімдер енгізе отырып өңірлік кеңестер бақылауы тиіс. Оларға Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау ретінде ай сайын есеп қалыптастыру жүктеледі. Сонда жарты жылдан кейін нақты нәтиже көрінетін болады», - деп есептейді Алматы қаласы ӨКП жанындағы өңірлік кеңестің төрағасы Максим Барышев.

Ел басшылығы ұсынған 5 бастама аясында «Атамекен» бизнесті бағытталған қолдау тетігін көбейтіп жатыр. 3 + 3 қарапайым формуласы бойынша шағын және микробизнес субъектілерін дамыту тәсілдері бойынша, орта, кластерлік даму тәсілдері бойынша тізілім қалыптастырылады. Яғни, бизнес құрылымдардың нақты жіктелуі аудан әкімдерімен бірлесіп, қажетті жергілікті қолдау шараларының нақты көрінісін береді.

«Ауданның әр әкімімен шағын, микробизнесті өзектендіреміз. Бұл процесте үш мамандрылған бағыт қалыптасады. Әр ауданда шағын кластерлер бар. Осы үш мамандрылған бағытты анықтау керек. Аграрлық аймақтар үшін – «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасы бар. Және өмір сапасын жақсарту үшін жұмыс істейтін үш бағыт. Біз оларға бізде бар арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім береміз, қаржылық емес қолдау шараларын көрсетеміз, қажет болған жағдайда қаржылық қолдау құралдарын қолданамыз. Кімде өсім бар екені бірден байқалады. Оқыту бейінді түрде жүргізілуі керек. Орта бизнес бойынша әр аймақтың өз басымдықтары бар. Олар бойынша нақты нысаналы индикаторлары бар кластерлік тәсілді қалыптастыру керек» - деп Райымбек Баталов съезде қарауды талап ететін мәселелердің бірін атап өтті.

Бизнесті қорғау тетіктерін ерекше пунктпен пысықтау қажет. Барлық сот процестері, оған қатысты іс жүргізіліп жатқан кәсіпкердің келісімімен, әсіресе қылмыстық процестерді жария ету қажет, - деп есептейді Өңірлік кеңес мүшелері. Олар бұл тәсілдің ашықтық пен максималды әділеттілікті қамтамасыз ететініне сенімді. Сондай-ақ, съезд жұмысында салық режимдерін қайта қарау қажет, деп есептейді кездесуге қатысушылар.

«Жергілікті тауар өндірушілер үшін біз КТС 20 пайыздан 10 пайызға дейін төмендете алдық. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бойынша айына бір рет бірыңғай жиынтық төлемді төлеуді енгізуге ниеттіміз. Бір ғана төлем ретінде. Оның ставкасын айына 10-нан 20 мың теңгеге дейінгі мөлшерде жасау ұсынысы қазір талқылануда. Онда кассалық аппарат та, салық төлеуші ретінде тіркеу де қажет емес болады. Және бқл санаттағылар картаға төлемдерді қабылдай алады. Яғни, бұл тек жеке тұлғалар үшін жұмыс істейтін табысы жылына 15 млн. теңгеден аспайтын микробизнес өкілдері», - деп өңірлік кеңестің төрағасы Максим Барышев кеңес ұсынысын дауыстады.

Осылайша, түрлі салалардың көшбасшылары мен шағын және орта бизнес өкілдерін жинайтын кәсіпкерлер съезінде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасын трансформациялаудың жаңа тұжырымдамасы ұсынылатын болады. Бұл оқиға маңызды болады деп күтілуде, өйткені мақсат - ұйым құрылымын жаңғырту ғана емес, сонымен қатар елдегі кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа, тиімді тетігін құру болып табылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер