«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

3+3: бизнеске нақты қолдау көрсету формуласы

2024 жылғы 19 Қыркүйек
- Алматы қаласы
276 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Үкімет, «Атамекен» Ұлттық палатасы және «Даму» қорының басшылығы әзірлейтін бағдарлама аудандарда бизнес-субъектілерді ең күшті және перспективалы үш сала бойынша анықтауды көздейді. Болашақта қаржылық және қаржылық емес мемлекеттік қолдаудың қажетті шараларын көрсету үшін олардың проблемаларының ауқымы әкімдіктермен бірлесіп зерттелуде. Түрксіб ауданында бизнестің негізгі үлесі сауда, көлік, логистика, қойма және өнеркәсіпке тиесілі.

«Атамекен» өңірлік палатасының директоры Түрксіб ауданының әкімімен әңгіме барысында бағдарламаның негізгі тетігін түсіндірді. Оның бірінші кезеңі ауданда жұмыс істейтін бизнес-субъектілердің жұмысы мен проблемаларының ауқымын терең талдау болады. Келесі қадам - мемлекеттік қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын көрсету үшін Тізілімге енгізу.

«Аудан бойынша басымдықтар бойынша көзқарасыңызды білгіміз келеді. Яғни, ауданның дамуы үшін ең маңызды үш сала және үш ең перспективалы саланы анықтап алуымыз қажет. Біз микро, шағын және орта бизнес қажеттіліктерін бөлек қарастырамыз. Өйткені олар әртүрлі. Бізде қазір талқылап жатқан 110 жуық қызмет бар. Яғни, бизнес мәселелерінің спектрін жіктей отырып, біз кімге қандай көмек қажет екендігі туралы нақты көрініс аламыз. Бұл бизнесті одан әрі дамытуға барынша әсерін беретін бағытталған қолдау болады. Бұған қоса, бізде сауалнамалар бар: біз бизнеске не қажет екендігі туралы сауалнама жүргіземіз. Осы деректердің негізінде жүйелік қолдау бағдарламаларының блогы әзірленетін болады», - деп түсіндірді Нұрсұлтан Шоқанов.

Бизнес-қоғамдастықпен тікелей байланыстың арқасында әкімдер кәсіпкерлердің алдында тұрған проблемаларды анықтап, тиімді шешімдер ұсына алады.

«Қолдау шараларында инфрақұрылымды, желілерді тарту ескерілсе жақсы болар еді. Бұл сұрақ өте маңызды. Себебі кәсіпкерлер бизнес-жоспар құрып, коммуникация тарту қиындықтарына тап болады. Мысалы, коммуникацияның негізгі жолы кәсіпорыннан 2-3 шақырым қашықтықта өтсе, оны нысанға тартуда кәсіпкер біраз әбігерге түседі. Коммуникацияларды жүргізу - бизнес үшін қымбатқа түседі. Сол жағынан көмек көрсетілсі, нұр үстіне нұр болар еді», - деп пікір білдірді Бақытжан Ақжаров.

Қолдау шараларын алған барлық субъектілер цифрлық тізілімге енгізілетін болады. Бұл жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бизнес-қоғамдастықпен белсенді ынтымақтастықта қатынас құруға мүмкіндік береді. Тиісінше, әлеуметтік саясат пен экономикалық дамудағы ұжымдық күш-жігер прогреске ықпал ететін бастамалар мен жобалар үшін платформа жасайды. Билік пен бизнес өкілдерінің бір-бірінің қажеттіліктерін түсініп, ескере отырып, ортақ тіл табуы маңызды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер