«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарының Қауымдастығы 25-жылдығын атап өтті

2024 жылғы 19 Тамыз
- Алматы қаласы
4246 просмотров

Дереккөз: ortcom.kz.

Мерейтойға орай Алматыда тігін және аяқ киім өндіретін кәсіпорындар басшыларының салтанатты жиналысы өтті.

Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының Қауымдастығы 1999 жылы құрылды. 25 жыл ішінде ұйым әртүрлі бағыттағы кәсіпорындарды біріктіретін және олардың табысты дамуы үшін жағдайларды жетілдіруге ұмтылатын саланың ажырамас бөлігіне айналғанын атап өту маңызды. Бүгінде ол 100-ден астам өндіріс пен 12 мыңнан астам сала қызметкерлерін біріктіреді.

Осы жылдар ішінде Қауымдастық тәуелсіз Қазақстанның отандық жеңіл өнеркәсібін дамытуда маңызды рөл атқарды, сондай-ақ бизнес пен Үкімет үшін сала кәсіпорындарының мүдделерін ілгерілетуде маңызды серіктес болды.

Қауымдастық мүшелерінің мерейтойымен «Атамекен» ҰКП Президиум Төрағасы құттықтады. Райымбек Баталов еңбек ұжымдарына өркендеу мен барлық мақсаттарға қол жеткізуді тіледі.Ұлттық Палата басшысының құттықтауын  Қауымдастық мүшелеріне Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП өкілі жеткізіп, құттықтау адресін президенті - Салтанат Әбдікәрімоваға табыстады.

Құттықтау мен ізгі тілек білдіргені үшін Ұлттық палата басшысына ризашылығын білдіріп, бірлестік саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мамандарды оқыту, инновацияларды дамыту және кәсіпкерлер үшін жағдайды жақсарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатқанын, сондай-ақ, инвестициялар тарту, экспортты дамыту жұмыстарына белсенді қатысатынын айтты. Алайда, салада бүгінгі таңда көптеген проблемалар бар. Қазақстандықтарды отандық өніммен толық қамтамасыз ету үшін,  халықаралық нарықта отандық брендтерін қалыптастыру үшін мемлекеттік механизмдерін қолдана үлкен шаралар кешенін жүсеге асыру қажет, - деп атап өтті Салтанат Әбдікәрімова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер