«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«ЕQurуlys»: құрылыс бизнесіне арналған жаңа «салық»

2024 жылғы 07 Маусым
9626 просмотров

«Атамекен» ҰКП алаңында  құрылыс саласында «ЕQurуlys» ақпараттық жүйесін енгізу мәселесі талқыланды.

ЕQurуlys» ақпараттық жүйесін енгі бойынша жұмысты Құрылыс істері және ТКШ комитеті 2018 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Жүйенің мақсаты - объектілерді салу және пайдалануға қабылдау сапасын бақылауды автоматтандыру, барлық атқарушылық құжаттаманы жүргізуді электрон форматқа көшіру.

Құрылыс саласының субъектілері бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйеге қосылады деп күтілуде. Қолданушылар үшін жүйе тегін болатыны көзделген еді.

Алайда іс жүзінде олай шықпады.  ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және ТКШ істері комитеті «ЕQurуlys» порталын өзінің еншілес ұйымы – «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-қа сенімгерлік басқаруға берді. Аталған еншілес компания порталға жеке ақпараттық жүйелерді әзірлеушілерді қосатын болады.

Өз кезегінде, салынып жатқан объектілер бойынша барлық атқарушылық құжаттаманы электрон формада жүргізуге міндеттелген нарық субъектілері қолданыстағы жүйеге қосылуға не өзінің ақпараттық жүйесін әзірлеуге тиіс.

Қазіргі кезде мұндай компания біреу екенін атап өткен жөн. Дәл осы компания Порталды әзірлеп, оны өтеусіз негізде өкілетті органға берген.

Порталға қосылу неліктен ақылы, тарифтер қалай белгіленеді, деректердің қауіпсіздігіне кім жауа беретіні жайында сұрақтар «Атамекен» алаңында қаралды.

«Кәсіпкерлердің портал жұмысы, тариф, баға белгілеу, нарық монополиясы қатеріне қатысты сұрағы көп. Бизнеске тағы салмақ түсетіні, шарттары ауыр болатыны сезіледі. Мердігерлерде амал қалмай тұр: егер келісімшартқа қол қоймасаң, жүйеге қосыла алмайсың. Жүйеде жұмыс істесең - сені жазалайды. Бұлай болмауы керек, баламасын қарастыру керек. Өтпелі кезең қарастырған жөн. Осы мәселеде уәкілетті органның нақты түсіндірмелері мен позициясын тыңдағым келеді», – деп атап өтті   «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин.

Жиын барысында қатысушылар тіпті мемлекеттік сатып алу порталында да құны жылына 1 АЕК-тен басталатын түсінікті және бекітілген тарифтеу жүйесі барын айтты.

Жиында Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасы орынбасарының м.а. Жалқұл Сұлтанғали  «ЕQurуlys» порталын енгізудің мақсаттары мен міндеттерін таныстырды. Комитет өкілі порталды әзірлеу, енгізуге және дамытуға бюджеттен қаражат бөлу көзделмегенін атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттің міндеті - бизнеске осы процестерді қалыптастыруға, соның ішінде баға белгілеу мәселелерін шешуге тиіс механизм мен жағдай жасау.

«Программистердің тілімен айтсақ, жүйе «шина» деп аталады. Оған жеке ақпараттық жүйесін дамытатын кез-келген субъект қосыла алады. Жүйедегі жұмыстың баға саясатын кәсіпкерлердің өзі анықтайды. Осылайша біз нарықтық жағдай жасаймыз», – деп түсіндірді С. Жалқұл.

Мемлекеттік объектілерді сату кезінде «EQurulys» шығындарына келетін болсақ, онда Комитеттің 2023 жылғы 1 қаңтарда  тиісті бұйрығы күшіне енді. Онда ақпараттық жүйелердің қызметтері жалпы алаңдық шығындар құрамында қарастырылған. Бұл шығындар Құрылыс және монтаждау жұмыстарының сметалық құнының 5%-дан 18%-ға дейін пайызымен анықталады.

«Жүйе жұмысына қатысты сұрақ жетерлік. Басты сұрақ – төлемге қатысты. Кәсіпкерлер оның құны қандай болатынын түсінбей жатыр. Шинаға қалай қосылуға болады. Мәселен, кез келген құрылыс компаниясы қандай да бір ақпараттық жүйені әзірлеместен, заңнаманың талаптарын тегін орындау үшін  шинаға қосыла ала ма?

Бізге қағазбастылықтан құтылсақ жұмысымыз жеңілдейді дейді. Ал норомативтік-құқықтық заңнама болса, осы құжаттарымызды электро форматқа ауыстырытып қана қоймай, оны қағаз жүзінде де жүргізуді жалғастыру керегін растайды», - деді «Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы» ЗТБ президенті, Виктор Микрюков.

Жиында «ЕQurуlys»  порталын енгізу жөніндегі өкілетті орган келтірген тәсілдер нарық қатысушылардың наразығын тудырды. Жүйені енгізудегі басты кедергі  жеке ақпараттық жүйеге қосылмай қызметті жүзеге асыру мүмкін еместігі.   

Жиынға қатысушылар атап өткендей, жеке ақпараттық жүйелерді әзірлеу көп уақытты алатынын, ресурс және қаржыны қажет ететінін айтты. Бұл шаралар нарық қатысушыларының көпшілігінің қолынан келмейді. Бір жеке жүйе үшін порталға қосылу құны 10-12 млн теңгеден басталады.

«Порталды пайдалану үшін құрылыс объектілерінде атқарушылық-техникалық құжаттаманы жүргізу бөлігінде ұсынылатын тарифтермен танысқаннан кейін «eQurylys.kz»  оларды негізсіз және асыра бағаланған деп санаймыз», - деп атап өтті «ОRTALYQ» жол-құрылыс, инжинирингтік ұйымдар одағы» ЗТБ өкілі Серік Ысқақов.

Спикердің есептеуі бойынша, биылға белгіленген бюджеттік жобалардың санын ескерсек, жүйе әзірлеуші жылына шамамен 5 млрд теңге пайда табады. Көп жоба өтпелі екенін белгілі, сондықтан тапсырыс берушілердің уақтылы қаржыландырмауына байланысты және екі, тіпті үш жыл ішінде іске асырылады. Жүйе жыл сайын 10 млрд теңгеге дейін табыс табатын болады.

Қазіргі кезде қолданыста бір ғана жүйе, демек нарықты монополиялау қаупі бар. Бұл ретте монополияға қарсы органның позициясы қажет болады.

«Мемлекет қажеттілігі үшін енгізілетін ақпараттық жүйелер бөлігінде БҚА-ның нақты позициясы бар. Оғане сәйкес мұндай жүйелер тек бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылуы тиіс. Бірінші кезекте, біз Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі комитеттің бәсекелестікті шектеу бөлігінде ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бәсекелестікке қарсы іс-қимылдардың болуы тұрғысынан, барлық қажетті рәсімдердің сақталуы тұрғысынан іс-қимылдарының дұрыстығын қарайтын боламыз» - деп түсіндірді БҚА Индустрия, мемлекеттік қолдау және сатып алу департаментінің директоры Әлібек Тюлюбеков.

Порталдың ақылы болуы және тарифтердің белгіленуі туралы спикер баға белгілейтін тиісті бұйырақтар агенттікпен келісілмегенінн айтты. Барлық мән-жайларды анықтау үшін қажетті іс-шаралар жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, жиналысқа қатысушылар порталға жүктелетін деректердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты алаңдаушылық білдірді. Ешбір субъект ақпараттық жүйе иесінен оның деректері таратылмайтыны туралы кепілдік ала алмайды, деп атап өтті спикерлер.

«Қағаз жүзіндегі құжаттарды балама ретінде қалдыруға болмас еді? Басқа ақпараттық жүйлерде қолданады ғой. Ертең дау шықса ше? Авторлық немесе техникалық қадағалау бұл біздің қолтаңба емес, біз қабылдаған жоқпыз десе ше? Бәріміз АӨК, азаматтық немесе қылмыстық процесс аясындағы кез келген сараптаманың нені білдіретінін, оның қағаз түпнұсқалары бойынша жүргізілетінін білеміз. Сонымен қатар, құпия жүзеге асырылатын көптеген жоба бар. Олар бойынша құжаттама қағаз жүзінде жүргізілуі тиіс», - деп санайды «Bazis Holding Company» ЖШС заң мәселелері жөніндегі вице-президенті Раушан  Бижкенова.

Жалпы, кәсіпкерлер бұл жүйені уәкілетті орган қайта қарап, ескертулерді назарға алып, нормативтік құжаттарға қажетті өзгерістер енгізеді деп үміттенеді. Өз кезегінде, «Атамекен» ҰКП осы мәселеде бизнеске жәрдемдесуді жалғастырады. Тиісті хаттама уәкілетті органның атына жолданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер