«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Жасыл бизнеске» - ашық жол

2024 жылғы 30 Мамыр
- Алматы қаласы
7090 просмотров

Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП экологиялық бизнесті енгізу жөніндегі халықаралық сессияның диалог алаңына айналды

Бүгінде бүкіл әлем «жасыл бизнесті» енгізуге бет алған кезде, жаһандық басқаруды жаңарту -  стратегиялық міндет болып табылады. Яғни, басқарудың тиімділігі, тәуекелдерді азайту, материалдық ресурстарды тұтынуды азайту оймен үнемдеуді қалыптастыруға бағытталған.

Сессияға қатысқан Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директоры Нұрсұлтан Шоқанов Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен біздің елімізде Қаржы секторын дамыту тұжырымдамасы қабылданғанын, оның мақсаты халықаралық кеңістікке интеграцияланған тиімді қаржы нарығын қалыптастыру болып белгіленгенін атап өтті. Яғни, әлемдік стандарттарға кезең-кезеңімен оңтайландыру әлеуетті инвесторлар мен серіктестер үшін біздің нарықты неғұрлым түсінікті етеп, нәтижесінде елдің экономикалық өсуін болжайды.

«Ұлттық палатаның, оның өңірлік өкілдіктерінің қызметі негізінен қазақстандық бизнесті қолдауға бағытталған. Сонымен қатар интеграциялық процестер шеңберінде де. Интеграцияның құрамдас компоненттерінің бірі халықаралық орнықты даму стандарттары бойынша нұсқаулықты қоса алғанда, ХҚЕС стандарттарын қабылдау болып табылады. Біз осы бастамаларды ілгерілету алаңы болуымызға қуаныштымыз», - деп түйіндеді Шоқанов

Талқылау барысында жұмысты ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) тұжырымдамасы негізінде құру, кредиттік және инвестициялық шешімдер қабылдаудағы тәуекелдер мен мүмкіндіктер; ESG-қаржы ұйымдарының жүйелерімен және практикаларымен жұмыс істеудегі ағымдағы жетілу деңгейі; Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру және осы сынды т.б. тақырыптарда әңгіме өрбіді.

«Климаттың өзгеру проблемасын биыл өзіміз де қатты сезіндік. Ол жаңа стандарттарға көшуді талап ететін жайт. ESG-тұжырымдамасы «жасыл бизнестің» барлық компоненттерін қамтиды деп санаймын, демек, мүмкіндігінше кеңірек енгізілуі тиіс», - деп BCSD Kazakhstan директорлар кеңесінің төрайымы  Гүлсара Еділбаева пікірін жеткізді.

2023 жылдың қорытындысы бойынша ESG-ді қолданудың нақты талабы әлі жоқ. Сондықтан, 2024 жылы бұл шара ерікті, ал келесі жылы міндетке айналмақ. Бұл біздің еліміздегі қоршаған ортаны басқарудағы жаһандық жаңарудың бастамасы болмақ, - деп есептейді сессия қатысушылары.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер