«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы қандай

2024 жылғы 12 Ақпан
2471 просмотров

«Атамекен» ҰКП алаңында Тахмина Нағыманованың төрағалығымен Өңдеу өнеркәсібі комитетінің отырысы өтті.

Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұқаш Ескендіров пен Руслан Қожасбаев, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Саттаров, қауымдастықтар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Саттаров қол жеткізілген жұмыс нәтижесін атап өтіп, қазір жобаларды жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен отандық тауар өндірушілер табысты іске асырып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, бизнес-қоғамдастықтың пікірінше, неғұрлым жемісті және тығыз жұмыс істеуге мүмкіндіктер бар.

 «Өңдеу өнеркәсібі одағы» ЗТБ атқарушы директоры Әсел Дангилова мектептердің жобаларына отандық өндірушілердің баламасы болмаған кезде шетелдік өндіріс жабдықтары салынатынын атап өтті.

 Оны ҚР Машина жасаушылар одағының өкілі Жасұлан Төлеген және «Жарық технологиясы» Ақтөбе өндірістік кәсіпорнының өңірлік директоры Шыңғыс Мұстағилянов қолдады. Олар отандық тауар өндірушілер еліміздің барлық өңірінің оқу ұйымдарын сапалы тауарлар және жабдықтармен 100%-ға қамтамасыз етуге, оның ішінде олардың жұмысының ұзақ мерзімділігіне кепілдік беруге қабілетті екенін атап өтті.

«Қазақстанның республикалық жобалаушылар одағы» өзін-өзі реттейтін ұйым» ЗТБ төрағасының орынбасары Мюаш Бисарова жобалау сатысында тауарлардың сапасына және оларды пайдалану бойынша кепілдіктерге назар аудару қажеттігін айтты.

Сонымен бірге, ол бизнестің шетелдік тауарлар мен жабдықтарды бақылауға және анықтауға мәжбүр екенін атап өтті.

Мұндай фактілер «Атамекен» ҰКП-ға түскен «жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде мектептердің жобалық-сметалық құжаттамасының (ЖСҚ) 6 сметасын талдаумен расталады.

Қарау барысында отандық тауар өндірушілердің балама өнімі болған кезде импорттық тауарлардың сметаларына салынатыны анықталды. Сондай-ақ, кейбір позицияларда импорттық тауарларды өндіруші ел «Қазақстан» деп белгіленеді. Бұл жайт отандық тауарлардың үлесін асыра бағалайды. Сонымен қатар, ЖСҚ-да нақты брендтерді белгілейтін өнімдер бар. Шетелдік және қазақстандық тауарлар бірдей тауар бойынша түрлі пропорцияда көрсетілген. Бұл қазақстандық тауарларды импорттық аналогтарға ауыстырудың белгілі бір тәуекелдерін тудырады.

 Жиын соңында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин отырысқа қатысушыларға «Жайлы мектептер» ұлттық жобасындағы белсенді жұмысы үшін алғысын білдіріп, мұндай бірлескен жұмыс жемісті нәтиже беретініне сенім білдірді, сондай-ақ «Samruk-Kazyna Construction» АҚ өкілдерін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына қатысуға отандық тауар өндірушілерді белсенді тартуға шақырды.

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер