«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Дуальді оқу бағдарламасы тиімді құрал

2024 жылғы 30 Қаңтар
- Алматы қаласы
10331 просмотров

Алматыда «маман дайындау тиімділігін арттыру факторы ретінде педагогикалық білімге дуальды оқытуды енгізу» атты қалалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – дуальді білім беру жүйесін енгізуді талқылау және масштабтау. Бұрын дуальді оқу болашақ мамандарды өндірісте дайындайтын жұмысшы кәсіптер арасында қолданылған. Енді жүйе орта білім беру мекемелерінде де енгізіліп жатыр.

Семинарда педагогтар жалпы білім беретін мектеп қабырғасында дуальді оқудың тиімділігі туралы айтты.

Қатысушылар кәсіптік білім беру сапасын арттырудың өзекті мәселелері, болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелерінде түрлі деңгейдегі білім беру ұйымдарының ынтымақтастығы, дуальді оқыту негіздерін және дайындықтың практикалық бағытын қолдану жолдарын талқылады.

Алматы қаласының №10 жалпы білім беретін мектептің директоры Шара Удуримова мектептегі дуальді оқу процесі жайында хабарлады. Қазіргі кезде оқу Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің колледжімен ұйымдастырылған. Педагогикалық колледж студенттері дуальді оқу аясында мектеп оқушыларын оқытады. Болашақ мамандарға мектеп мұғалімдері тәлімгер болады.

Қыздар университетінің өкілдері жалпы дуальдң оқуды енгізу туралы айтып, педколледждің негізгі индикаторларын атап өтті. № 10 ЖББМ КММ бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Наталья Тимощук мектеп мұғалімі позициясынан дуальді оқуды жүзеге асырудың маңызы туралы айтты.

  «Дуальді оқу білім ордасы, кәсіпорын және студент арасындағы үш жақты келісімге негізделген. Бұл формат оқудың барлық қатысушысына тиімді. Біздің жағдайда екі оқу орны мен студент арасында үш жақты келісім жасалды: колледж-мектеп-студент. Сонымен, мектептің өз талаптарына сәйкес келетін кадрларды дайындау мүмкіндігі бар»,– деді Алматы қаласы ӨКП адами капиталды дамыту бөлімінің жетекші сарапшысы Жанар Ибрагимова.

Студент үшін дуальді оқу – болашақ мамандығына практикалық дайындықтан өту, ұжыммен танысу, тезірек жұмысқа орналасуға жақсы мүмкіндік. Колледжге жобаға қатысу оқыту сапасын арттыруға, еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті түлектерді шығаруға мүмкіндік береді.

Семинар аясында қонақтар колледж практиканттары өткізген сабақтың оқу процесіне қатысты.

 «Сабақты болашақ мамандар жүргізді. Бағдарламаның қысқа мерзіміне қарамастан, жас мамандар мектеп оқушыларымен ортақ тіл таба алды. Мұғалім мен оқушы арасында байланыс бар.  Бұл дуальді оқу мақсаттарының бірі», – деп қосты спикер.

Еске салсақ, «Атамекен» ҰКП дуальді оқу туралы келісімшарттарды тіркейді және Тізілімге енгізеді. Бүгінгі таңда тізілімде дуальді оқу туралы 11 733 келісімшарт тіркелген. Дуальді оқу бойынша кадрларды даярлау 630 кәсіпорын және 47 колледжбен 73 мамандық бойынша жүргізіледі. Жыл сайын студенттерді дуальді оқумен қамтудың айтарлықтай өсуі байқалады.

 Семинар барысында қатысушылар шығармашылық командаларға бөлінді. Олардың қатарына мектеп директорлары, оқытушылар, мұғалімдер мен студенттер кірді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер