«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі кәсіпкердің рөлі қандай?

2024 жылғы 25 Қаңтар
- Қызылорда облысы
6527 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында 2024 жылдың алғаш Өңірлік кеңес отырысы өтті. Палата директоры Пірмұхаммед СыздықҚызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің 2023 жылы атқарылған жұмыстарына тоқталып, Кеңестің бөлшек салық мөлшерлемесін 2%-ға төмендету мәселесін жергілікті деңгейде көтеріп, облыстық мәслихат сессиясында қолдауға ие болғанын ерекше атап өтті.

Айта кетейік, мөлшерлеменің  2%-ға төмендеуі еліміз бойынша Қызылорда және Қарағанды облыстарында ғана орын алды. Бөлшек салық мөлшерлемесін төмендетудің орасан зор әлеуметтік және экономикалық әсері бар. Ол өз кезегінде кәсіпкерлерге бизнесті кеңейтуге мол мүмкіндік бере отырып, бизнес географиясын кеңейтуге және бюджетке жаңа салық түсімдер түсуіне алып келеді.

Сонымен қатар, кеңес аясында Қызылорда облысы бойынша “Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры” АҚ филиалының директоры Гүлсім Денеева  кәсіпкерлерге Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі кәсіпкердің рөлін түсіндіріп өтті.

«Жұмыс беруші кәсіпкерлер арасында қызметкерлерге әлеуметтік аударымдар дұрыс есептелмеуі жиі кездеседі. Халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында бұл төлемдердің маңыздылығын ескерген жөн. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан азаматтарға 6 жағдайда төлемдер аударылады: еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан айырылған, жұмысынан айырылған, жаңа туған баланы асырап алған жағдайда, сондай-ақ жүктілік және туылған бала 1,5 жасқа толғанға дейінгі төлемдер. Осы 6 жағдайда мемлекет сізге қордан әлеуметтік төлемдер төленетініне кепілдік береді»-деді Гүлсім Денеева.

Сонымен бірге, ол барша жұмысшы өздерінің әлеуметтік аударымдарының дұрыстығына көз жеткізіп тұруы қажет екенін, кемінде 6 ай сайын арнайы мобильді қосымшалар арқылы немесе қордан тікелей келіп, тексертіп тұру қажеттігін атап өтті. Қор маманы аударымдарға қатысты кәсіпкерлер тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауап беріп, өздерінің әрқашан кері байланысқа даярлығын жеткізді.

Жиын барысында Өңірлік кеңестің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, алдағы міндеттер айқындалды.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер