«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы кәсіпкерлеріне оңтүстік астананың дизайн-коды жобасы таныстырылды

2023 жылғы 22 Желтоқсан
- Алматы қаласы
11515 просмотров

Алматының жаңа дизайн-коды қалаға тұтастық пен эстетикалық тартымдылық бере отырып, қала тұрғындары, билік пен бизнестің өзара іс-қимылының қуатты құралына айналады деп күтілуде.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнес субъектілерне оңтүстік астананың дизайн-коды жобасы таныстырылды. Еске салсақ, Алматының дизайн-коды жобасы 13 желтоқсанда «Ашық НҚА» сайтында жарияланған болатын. Құжатты қоғамдық талқылау 28 желтоқсанға дейін жалғасады.

Дизайн-код жобасын «Алматыбасжоспар» ҒЗИ мамандары әзірлеп жатыр. Қазіргі кезде дизайн-код жобалары бойынша кеңес беру және одан әрі жұмыс істеу үшін сайтта тестілеу жүріп жатыр.

Дизайн-кодты әзірлеушілер Алматы қаласының әкімдігі және мәслихатымен бірлесіп, жобаны өтпелі кезең рәсімі және заңгерлік пысықтаумен белсенді айналысады.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Нұрсұлтан Шоқановтың айтуынша, бизнес нысандарды жалға алушы кәсіпкерлер, иелері қалалық кеңістікті құрайтын элементтерді қалыптастыруға тікелей қатысушылар.

 «Алматының дизайн-код жобасын сарапшылар көптен бері талқылап келеді. Қаланың жанашыр тұрғындарының бұл процеске белсенді қатысқаны қуантады. Себебі қалалық ортаның жайлылығы  инженерлік-коммуникациялық желілер, көлік, әлеуметтік нысандарға ғана емес, сонымен бірге ондағы атмосфераға да байланысты. Дизайн-кодқа эстетикалық көрініс, сәйкес түс схемасы, ерекше архитектуралық шешімдер жатады. Бір сөзбен айтқанда, біз Алматының тартымды, бірегей, қайталанбас бірыңғай стилін қалыптастыруға ұмтылып жатырмыз. Әрқайсымыз ортақ іске өз үлесімізді қосамыз деп үміттенемін», – деді Нұрсұлтан Шоқанов.

Дизайн-код –  біртұтас эстетикалық сәулет пен жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар жиынтығы.

 Жоба қалалық кеңістіктің әртүрлі аспектілерін қамтитын негізгі бөлім және 6 қосымшаны (7-қосымшаны – «жарықтандыру» әзірлену үстінде) қамтиды: медиа, навигация, қалалық жиһаз, көгалдандыру, қасбеттер мен қоршаулар.

«Алматының дизайн-коды алдыңғы жобалардағы тәжірибені зерделей отырып, қала тұрғындарының 15 мыңнан астам сауалнамасы талданып әзірленді. Жобалық семинарлар және студенттердің қатысуымен сауда дизайнына шығармашылық конкурстар ұйымдастырылды.  Жобаның ағымдағы кезеңі кеңес беру үшін сайт-сервисті тестілеу және дизайн-кодын енгізу кезеңдерімен жұмысты қамтиды» , – деді дизайн-код жобасының бас сәулетшісі Тахмина Сафоева.

Әзірлеушілердің айтуынша, «Алматы дизайн-кодының» негізгі қағидаттары мен философиясы қаланың бірегейлігін нығайту, тұрғындар арасындағы өзара іс-қимылды ынталандыру, навигация үшін әлеуметтік медианы пайдалану, дизайндағы тұрақтылық, қала тұрғындарының даму процесіне қатысуы, жергілікті өнер мен мәдениетті қолдау, халықтың барлық топтары үшін қолжетімділікке және қалада жауапты навигацияны реттеуге бағытталған.

«Бұған дейінгі әзірлемелер қаланың орталығына ғана есептеліп, Алматы қаласындағы құрылыс құрылымының күрделілігін ескерген жоқ. Бұл жобада қала: жеке сектор, типтік тұрғын үй, аралас құрылыс, тарихи мәдени кеңістіктер, жаңа құрылыс деп белгілі бір құрылыс түріне бөлінеді. Дизайн-код әр түрге бейімделген. Алматы өзінің ерекше сипаты мен тарихына ие. Қиылыстар мен арықтар сияқты қаланың негізгі рәміздерін дизайнда пайдалану қаланың бірегей бейнесін жасауға көмектеседі», – деді «Алматыбасжоспар» ҒЗИ бас директоры Асхат Сәдуов.

Жергілікті өнер мен мәдениет, соның ішінде муралдар, мүсіндер, музыканы қолдау және насихаттау қалалық ортаны байытып, оны тартымды ете алады. Дизайн-кодтың жобасымен мына сілтемеден танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер