«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ирак өкілдері өңірлік кәсіпкерлер палатасының жұмысымен танысты

2023 жылғы 04 Желтоқсан
- Алматы қаласы
7659 просмотров

Алматыда Өңірлік кәсіпкерлер палатасының төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов Ирак Республикасы Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Джабер Нажм Абдулла әл Темимимен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастық және іскерлік байланыс орнату мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, Ирактың Қазақстандағы елшілігі 2008 жылдың 12 қазанынан бастап жұмыс істейді. Елдер арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 7,4 млн долларды құрады. Делегация өкілдерінің айтуынша, Ирак билігі Ирак нарығына қазақстандық компаниялар мен инвестицияларды тартуға қызығушылық танытуда.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректеріне сәйкес 2019 жылдың соңына қарай Қазақстан мен Ирак арасындағы сауда көлемі 3 млн долларға жуық соманы құрады. 2018 жылы бұл көрсеткіш 3,1 млн долларды құрады және экспорт көлеміне қатысты болды.

«Ирак Қазақстанмен көпжақты ынтымақтастық орнатуға ұмтылады және біздің халықаралық бастамаларымызға қолдау білдіреді. Біздің сауда палата сіздің кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастық орнатқысы келеді», – деп атап өтті Джабер Нажм Абдуллах әл Темими.

Спикердің айтуынша, Ирактың Сауда-өнеркәсіп палатасы «Атамекен» ҰКП сияқты еліміздің барлық өңірлерінде де өкілдігі бар.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов өңірлік палата ынтымақтастыққа дайын екенін айтты.

«Кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық құруға ашық. Біздің басты міндетіміз – бизнесті жан-жақты қолдау, оның мүддесін қорғау. Әрине, инвесторлармен жұмыс істеу басым бағыттардың бірі. Біз екі елдің экономикасын дамытуға ықпал ететін бірлескен жобаларды іске асыруды талқылауға дайынбыз», – деп атап өтті Нұрсұлтан Шоқанов.

Спикер Алматы қаласының экономикалық мүмкіндіктері туралы да айтты. Оңтүстік астанада сауда, қызмет көрсету, өнеркәсіппен қатар туризм саласы қарқынды дамып келеді.

«Жақында қала әкімдігі мегаполисті дамытудың 2040 жылға дейінгі бас жоспарын бекітті. Мамандардың болжамына сәйкес, қала халқы осы уақытқа дейін 3 миллион адамға дейін өседі. Бұл инфрақұрылым, тұрғын үй, коммерциялық және әлеуметтік нысандардың құрылысына үлкен инвестиция салынатынын білдіреді. Әрине, әлеуметтік-экономикалық даму серпіні бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», – деп атап өтті Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы.

Нұрсұлтан Шоқанов Алматыда бірлескен жобаларды іске қосуға болатын бірқатар еркін экономикалық аймақ жұмыс істейтінін, Қытай мен Еуропаның сауда жолдарына жақсы қолжетімділік дамығанын айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар Ирактың сауда палатасы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы ынтымақтастықты егжей-тегжей талқылауға келісті.

Кездесуге Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының басшылығы, Ирак Республикасы елшілігінің консулы Әли Сәлім Жасим Әл-Рубайи, Алматы қаласы ӨКП халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша жетекші сарапшы Айнұр Баспақова қатысты.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер