«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

2023 жылғы 20 Шілде
- Алматы қаласы
5905 просмотров

Осы жылдың 19 шілдесінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Г.С. Каткенова және тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы К.Қ. Қонысбаева Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен ашық диалог арқылы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысына қатысты.

Кездесуге Алматы қаласы прокуратурасы қоғамлық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің өкілдері, «Цой Т.В.» ЖК бизнес өкілі және «KursivMedia» ақпараттық порталының журналисті қатысты.

Кездесуде қоғамдық тамақтандыру объектілерінде мангалды пайдалану және қатты отынмен (ағаш) тамақ дайындау, сондай-ақ бизнес өкілдерінің басқа да қызықтыратын мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Алматы қаласы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің өкілдеріне пісіру пештерін (плиталарын), мангалдарды, тандырларды орнату кезінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 37-тармағын тұрғын үйлерде және тұрғын үйлерде орналасқан тамақтану объектілерінде сақтауды ұсынды, өйткені өзге мақсаттағы ғимараттарда қатты отынмен пісіретін пештерді (плиталарды), мангалдарды, тандырларды орнатуға жол берілмейдігі айтылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер