«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

 «Даму бала» қалаға жақын елдімекендердегі балаларға қолжетімсіз бе

2023 жылғы 29 Мамыр
- Алматы қаласы
15869 просмотров

Бүгін Медеу ауданы кәсіпкерлерінің Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Тәймбетов, сондай-ақ ауданның мемлекеттік органдарымен «ашық диалог» форматында кездесуі өтті.

Алматы қаласы ӨКП төрағасы Әуез Тәймбетовтің айтуынша, Медеу ауданы –Алматының ең ірі әкімшілік, өнеркәсіптік және мәдени орталығы.

«Қазір жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер субъектілерінің саны 250 мыңнан асады, оның ішінде 37 450 шағын бизнес субъект Медеу ауданында жұмыс істейді. 2022 жылы Медеу ауданынан мемлекеттік бюджетке 984,2 млрд теңге салық түсті», – деді палата төрағасы.

Аудан прокурорының орынбасары Бауыржан Төлендинов қазір Бас прокуратура кәсіпкерлер мен жалпы бизнестің құқығын қорғауға көп көңіл бөлетінін атап өтті.

«Бүгін біз «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, Медеу ауданының әкімдігімен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Сіздермен ашық диалог түрінде кездесу өткізу үшін жиналдық. Проблемаларды білу үшін сіздерді тыңдағымыз келеді», - деді Бауыржан Төлендинов.

«Даму бала» бағдарламасы бойынша балаларға арналған ваучерлерге қолжетімділік шектеулі. Сондай-ақ, көлік тұрақтарының жетіспеушілігі, базарлардың айналасындағы стихиялық сауда мәселелер көтерлілді.

Еске салсақ, қазір платформадағы балаларға арналған шығармашылық үйірмелер мен спорт секциялары Астана, Алматы қалалары, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Абай және Ұлытау облыстарының жеткізушілері мен ата-аналарына ғана қолжетімді. Барлық басқа пайдаланушыларға республикалық маңызы бар өңірлер мен қалаларда қажетті құжаттарға қол қойылғаннан кейін қолжетімділік ашылады деп «Даму бала» бағдарламасының платформасында хабарланады.

«Грейс» гимнастика мектебінің директоры Наталья Грейс қазір облыстық тіркеудегі балалар тегін үйірмелерге ваучер ала алмайтынын айтты.

«Алматы қаласы Талғар, Бесағаш, Тұздыбастау арасындағы шекаралары жойылып кеткен өте үлкен қалаға айналғанын бәрі жақсы біледі. «Халық арена» сияқты нысандар қала мен облыстың шекарасында тұр. Ал спортпен шұғылданатын балалар қалада тұрады, олардың көпшілігі Халық аренаға бара алмайды, өйткені қаладағы басқа нысандар жақын. Бірақ, Талғар, Тұздыбастау, Бесағаш сияқты елді мекендер «Халық аренаға» барады. Бірақ обылстағы балаларға ваучерлер қолжетімді емес», –  деді кәсіпкер.

Кәсіпкер  дәл осындай жағдайда Алатау ауданындағы Алматы арена тұрғанын атап өтті.

«Қазір облыс тұрғындары «Даму бала» бағдарламасына ваучер ала алмайды деген сұрақ туындады. Бұл мәселені қандай да бір жолмен шешуге бола ма? Мүмкін Медеу ауданының шекараларын кеңейту туралы ойлану қажет немесе жай ғана қалаға ауданның шекараларын соңына дейін анықтауы туралы идея беру керек. Өйткені қазір бұл өзекті мәселе болып тұр. Облыс балаларының саны көп, олар тіпті Алматы қаласында оқиды. Ваучер керек адамдар оларды ала алмайды. Жақын маңдағы аудандардың балалары ваучерлік жүйе бойынша білім алуы үшін «Халық аренамен» мәселені шешуді сұраймыз», – деді кәсіпкер.

Спикердің айтуынша, жақсы жағдай, жақсы тренерге жете алмай жүрген балалар көп. Кәсіпкер бұл аудандардың балалары тегін оқи алатындай мәселені шешуді сұрады.

«Бұрын облыстан балаларды қабылдамау мәселесі болған емес. Қазір бар. Иә, тексерулер ЖСН бойынша, қала тіркемесін тексеру бойынша жүргізіледі. Менде бір жыл бойы жаттығып жүрген балаларды қалай тексеруге болады және олардың барлығы облыс тұрғындары болса ше? Біреу Алатау шағына уданында (Құлжа трактісі бойынша) тіркеуде, ал Тұздыбастауда тұратыны қаладан үш қадам жерде облыс саналады», – деді Медеу ауданы Алатау шағынауданының кәсіпкері Ольга.

Жиында кәсіпкерлер «Даму бала» бойынша сәуір айындағы төлем қашан болатынын сұрады.

«Мемлекеттік шығармашылық-спорттық тапсырыс аудан әкімдіктеріне берілді. Қазіргі уақытта бір ай ішінде біз оқыту бөлігіндегі мәселені пысықтадық, яғни бізді «Даму бала» бағдарламасының әзірлеушілері оқыттық. Бүгінгі таңда бізде 4 мыңнан астам ваучер бар. Сондай-ақ қазір кезекте төрт мың бала тұр. Бізде әр ауданның белгілі бір бюджеті бар. Яғни, олар бойынша кезекте тұрған төрт мың адамға иә немесе жоқ деп жауап бере алмаймыз делік. Себебі мұның бәрі ата-аналарға байланысты. Қазір белсенді емес «өлі жандар» бойынша мониторинг жүргізіп жатырмыз. Тіркеу жүйесі арқылы толық талдау, мониторинг жүргізгеннен кейін 10 маусымда сәуір айының төлемін қайта жоспарлаймыз», – деді әкімдік өкілі.

«Мына залда бірнеше жеткізуші бар. Қазіргі бағдарламаға дейін біз алдыңғы бағдарламаны да тексергенімізді бәрі біледі. Жүйелі бұзушылықтар өте көп. Бірқатар қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Мұнда, бір жағынан, кәсіпкерлер сіздерді қорғағымыз келеді. Себебі үйірмеге келмейтін балалар бар, шетелге ұшатын балалар бар. Істерді тергеу бойынша ақша қаражатын ұрлауға құқықтық баға беріледі. Біз барлық түйткілді мәселелер бойынша әкімдікпен бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз», – деді прокуратура өкілі.

Облыс пен қалаға ваучер беру мәселесі қатысушылар платформаны әзірлеушілермен 30 мамырға жоспарланған жеткізушілермен кеңейтілген отырыста мәселенің заңды жағын талқылауға келісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер