«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы кәсіпкерлер палатасы және «Қазпочта» АҚ Ынтымақтастық меморандумына қол қойды

2023 жылғы 17 Мамыр
- Алматы қаласы
6308 просмотров

Меморандум кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау, сервистік қызмет көрсету, ақпараттандыру ауқымын кеңейтуге бағытталған.

Құжатқа қол қою арқылы тараптар бірлескен шаралар өткізу, кәсіпкерлерге қолдау шаралары бойынша семинар, шеберлік сабақтарын өткізу;  колледж, жоғары оқу орындарынң студенттеріне өндірістік практика, оқу курстарын өткізу, «Жұмыспен қамту орталығы» РМК-да тіркеуде тұрған жұмыссыздарды еңбекпен қамтуға атсалысуға ниетті.

«Қазпочта» АҚ қызметі бүгінде кқпсалалы, ауқымды. Тауар сату, қызмет көрсету салалалырындағы бизнес үшін қалааралық, халықаралық жеткізілімдер, логистика бірінші кезекте тұрған мәселе. Тауар жеткізу, пошта тасымалы саласында бәсекелестік жоғары болса да кәспкерлер тарапынан «Қазпочта» АҚ қызметіне сенімі жоғары», – деп атап өтті Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Тәймбетов.

Спикердің айтуынша,  бүгінгі меморандум Қазпошта әлеуетін одан әрі ілгерілету, кәсіпкерлерге тиімді болатын сервис түрлерін, тарифтер жайында кең ақпарат беруге, бірлескен жобаларды қолға алуға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға Алматы кәсіпкерлер палатасы атынан төраға Әуез Тәймбетов, «Қазпошта» АҚ тарапынан Алматы қаласы бойынша филиалдың директоры Алтын Садықова қол қойды.

Алматы кәсіпкерлер палатасы жанынан бизнестің пікірін ескеріп, құқығын қорғап, мүддесіне өкілдік ету, мемлекеттік органдармен келісімге келу үшін салалық кеңестер құрылғанын еске салды.

«Қазір геосаяси ахуалға байланысты еліміздің сыртқы логистикалық бағыттары өзгеріске ұшырады. Импорт пен экспорт мәселелері де аз емес. Алматы бизнесі үшін сауда, тасымал, көлік логистика мәселесі маңызды болғандықтан Өңірлік палата жанынан Көлік жән логистика кеңесі құрылды. Біз «Қазпошта» АҚ өкілдерін жеткізу, тасымал, логистика, тауар алмасу мәселелерін шешуге атсалысу үшін кеңес жұмысына тұрақты мүше ретінде қатысуға шақырамыз. Өйткені «Қазпошта» АҚ отандық логистика нарығындағы ірі әрі сенімді ойыншы», – деді Әуез Тәймбетов.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер