«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көлік және логистика комитетінде көшедегі кептелістен бастап Қытай шекарасындағы кезек мәселесі талқыланды 

2023 жылғы 20 Сәуір
- Алматы қаласы
5179 просмотров

  Палата алаңында әкімдік, мемлекеттік органдар, ӨКП, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері саланың өзекті мәселелерін талқылау үшін жиналды.

 Салалық кеңестердің міндеті – жергілікті атқарушы органдармен тиімді өзара іс-қимылды ұйымдастыру, өңіраралық және ведомствоаралық жұмысты үйлестіру, салалық сараптаманы шоғырландыру, бизнес құқығын қорғау және кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру.

  «Осы мақсатта біз Көлік және логистика жөніндегі кеңес құрып жатырмыз. Өйткені жыл сайын көлік саласының алдында нақты міндет тұр – көлік инфрақұрылымы мен қызметтерін сапалы дамыту, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін үздіксіз жұмыс істеті және белсенді ілгерілету», – деп атап өтті Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Тәймбетов.

  Жиынға қатысушылар қала проблемаларының бірі – көлік кептелісі екенін атап өтті. Күн сайын мегаполис жолдарында 700 мың машина, оның ішінде қаланың төменгі бөлігін салмақ салатын транзиттік жүк көлігі бар.

  Алматы агломерациясы Алматы облысының бес әкімшілік ауданынан тұрады: Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Талғар және Қапшағай қалалық әкімшілігі аумағының бір бөлігі. Сондай-ақ келешектегі Gate City (G4 city) қаласы бар. Бұл аумақтар көліктік қолжетімділіктің 1,5 сағаттық аймағына кіреді – магистральдық қатынас жолдары бойымен 110 шақырымнан аспайды немесе Алматыдан өзге учаскелерде 75 шақырымнан аспайды.

  Сондай-ақ, қатысушылар Қытаймен шекарадағы проблемаларды атап өтті. Мемлекеттік органдар мен Ұлттық палатаның бірлескен күш-жігері арқылы өткізу пункттеріндегі кезек кезең-кезеңімен шешіліп келеді.

«Қазақстан мен Қытай арасында қызметтің барлық бағыты бойынша өзара қарым-қатынастардың жақсы сипаты қалыптасты. Соңғы 10 жылда осы бастама аясында шамамен 11 трлн теңге инвестиция салынды, 3 мыңнан астам жоба іске асырылды. «Қытай-Еуропа» теміржол бағыты бойынша 65 мың пойыз жүрді. «Белдеу және жол бастамасы» - бұл өзара кеңесу, құрылыс және бөлісу принципіне негізделген прагматикалық және ашық бастама. «Бір белдеу – бір жол» үшінші форумы Қытайда 2023 жылы өтеді», – деп атап өтті Өңірлік палата төрағасы.

Жиын барысында қатысушылар Алматы қаласы Көлік және логистика кеңесінің құрамын қалыптастыру бойынша өз ұсыныстарын айтылды. Кеңес мүшелері арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін талқылау, сараптамалық жұмыс (жобалау) топтарын құру өтті.

Осылайша, Көлік және логистика кеңесінің мақсаты кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады, бұл жағдайда логистикада. Келесі отырыста қатысушылар проблемалық мәселелерді көтеріп, мемлекеттік органдар мен Үкіметтің деңгейіне ұсыныстар енгізеді. Сондай-ақ НҚА сараптамасына, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды әзірлеуге қатысу, туындайтын проблемаларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер