«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда дәстүрлі «кәсіпкерлер күні» өтті

2023 жылғы 05 Сәуір
- Алматы қаласы
5850 просмотров

Алматыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бастамасымен нарықтардағы сауда саласындағы кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін талқылау бойынша кездесу өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ӨКП және бизнес-қоғамдастық басшылары қатысты.

Кәсіпкерлер жалдау ақысы, салық және кедендік сипаттағы, сондай-ақ жер қатынастары мәселелерін көтерді.

Кездесу барысында 40-тан астам кәсіпкер кеңес алды.

«Бүгінде біз 19 кейстін шешімін тауып, 8000-нан астам кәсіпкердің құқықтарын қорғадық. Алматыда шағын және орта бизнес кәсіпорындарының басым бөлігі шоғырланғанын ескере отырып, оларды бизнеске араласудың кез келген фактілері туралы хабарлауға шақырғым келеді», - деп Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция басқармасының басшысы Қанат Салимбаев атап өтті.

Кәсіпкерлердің барлық келіп түскен сұрағы бойынша егжей-тегжейлі түсініктемелер беріліп, бірқатар нақты өтініштер бақылауға алынды.

«Бизнес мүддесін қорғау – Ұлттық палата мен мемлекеттік органдардың басты міндеттерінің бірі. Бұл бағытта Антикормен тығыз өзара іс-қимыл жолға қойылған. Биыл ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бизнесті қорғау жылы деп жарияланып, Президенттің тиісті тапсырмаларын іске асыру аясында «Бизнеске жол» жалпы республикалық жобасы іске қосылды, – деп атап өтті Әуез Таймбетов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер