«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда  кибер чемпиондар қоғамдастығы құрылды

2023 жылғы 29 Наурыз
- Алматы қаласы
6740 просмотров

 Алматыда Орта Азия мен АҚШ елдерінің мемлекеттік органдары, азаматтық қоғам және жеке сектор өкілдері цифрлық сауда және киберқауіпсіздік жөніндегі конференцияға жиналды.

Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан сауда, цифрлық даму және ақпараттық қауіпсіздік министрліктерінің өкілдері мен жеке сектор өкілдері бизнес үшін бәсекелестік артықшылық ретінде киберқауіпсіздік мүмкіндіктерін талқылады.

Кристен Бауэр, заңгер кеңесші, коммерциялық құқықты дамыту бағдарламасы, АҚШ сауда министрлігі бағдарламасы туралы толығырақ айтты.

«CLDP бағдарламасы 2021 жылдың қарашасында АҚШ пен Орта Азияның цифрлық сауда бойынша жұмыс тобын іске қосты. Бұл бағдарлама Орта Азия елдерінде және әлемнің басқа елдерімен және өңірлерімен сауда және экономикалық байланыстарды ілгерілету үшін құрылған», – деп атап өтті Кристен Бауэр.

Жұмыс тобы озық халықаралық тәжірибені ілгерілетумен, цифрлық сауда үшін кедергілерді жоюмен және өңірде цифрлық сауданың дамуына және өркендеуіне мүмкіндік беретін қажетті нормативтік-құқықтық базаны құрумен айналысады. Жұмыс тобы электрондық төлемдер, қолтаңбалар және транзакциялар саласындағы нормативтік-құқықтық реформалармен; трансшекаралық деректер ағындарымен; ақпараттық қауіпсіздікпен; деректерді қорғау және құпиялылықпен; тұтынушыларды қорғаумен; және цифрлық салықтармен айналысады.

АҚШ пен Орталық Азияның цифрлық сауда жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Алматы іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Ақеркин Ералиева өңірлік интеграция шеңберіндегі ақпараттық қауіпсіздіктің маңызын атап өтті.

«Біз CLDP бағдарламасын екі жылдан бері жүргізіп келеміз. Биыл біз шағын және орта кәсіпкерлік пен IT өкілдеріне арналған Cyber Readiness Institute оқу бағдарламасын іске қосамыз. CLDP бағдарламасы сонымен қатар 2023 жылдың 29 наурызында өтетін Киберқауіпсіздік бойынша өңірлік оқу семинарын ұйымдастырады», – деді Ақеркин Ералиева.

Спикерлер сенімді жеткізу тізбегін құру және цифрлық сауданың ұлттық/өңірлік мақсаттарын ілгерілету жолдарын қарастырды. Satu.kz  бас директоры Максим Мельник елдің цифрлық сауда жағдайы туралы айтты.

Сессиялар киберқауіпсіздіктің тиімді әдістерін әзірлеу және цифрлық сауданың өсуін қолдау үшін қажетті құқықтық реформаны енгізуге арналды. Негізгі пленарлық отырыста киберқауіпсіздіктің негіздері мен негіздемелік қағидаттарына шолу жасалды, бизнес, тұтынушылар және инвесторлармен сенімді нығайту мәселелері, цифрлық сауда мен инвестициялардағы кедергілер, киберқауіпсіздікті бизнес үшін бәсекелестік артықшылық ретінде пайдалану және жаһандық жеткізу тізбектерімен байланысты мәселелері қаралды.

«Ақпараттық жүйелер мүмкіндіктерінің артуымен қатар киберқауіпсіздік мәселелері де өзекті болып отыр. Бүгін біз киберқауіпсіздік туралы хабардарлықты арттыру мәселелерін және оның сауда мен инвестицияға қалай әсер ететінін, стратегиялық маңызды жүйелер мен құпия ақпаратты киберқауіптерден қалай қорғауға болатынын талқыладық. Ақпараттық қауіпсіздікті күшейту арқылы цифрлық технологияларды пайдаланудың жаңа деңгейіне өтуге болады», – деп атап өтті Алматы іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Ақеркин Ералиева.

Конференция соңында CLDP бағдарламасының өкілдері cyber Champions аймақтық желісінің іске қосылғанын және Орталық Азия өңірі үшін cyber Readiness институтының киберқауіпсіздік бойынша тегін оқу бағдарламасы мен ресурстарының орыс тілінде іске қосылғанын хабарлады. Сонымен қатар Алматыда кибер чемпиондар қоғамдастығының құрылғаны жарияланды.

Конференцияға Кристен Бауэр – заңгер кеңесші, Ян Хансен –  АҚШ ішкі қауіпсіздік департаменті халықаралық кибер саясат жөніндегі директордың орынбасары, Джон Тумер – Boeing, Ақпараттық және кибер жүйелер жөніндегі директор, Елена Сон –  Америка-өзбек сауда палатасының (AUCC) атқарушы директоры, Лесси Лонгстрит – Cyber Readiness Institute жаһандық директоры, Сент-Логин – EVO-дағы gangsta QA басшысы, Евгений Цой – TBC Bank ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің бастығы және басқа да спикерлер қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер