«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы кәсіпкерлер палатасында жаңа басшы тағайындалды

2023 жылғы 03 Ақпан
- Алматы қаласы
6745 просмотров

Алматы кәсіпкерлер палатасына Әуез Тайымбетов төраға болып тағайындалды.

Бұрынғы төраға Айтуар Қошмамбетов жаңа қызметке ауысуына байланысты өкілеттігін тоқтатты. ӨКП төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін Әуез Тайымбетов «Атамекен» ҰКП орталық аппаратында жұмыс істеген. Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков өңірлік палата ұжымына жаңа төрағаны таныстырды.

Әуез Бағбанұлы Тайымбетов 1989 жылы 15 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Халықаралық қатынастар, халықаралық құқық мамандығы бойынша (2011 ж.) және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Алматы қаласын экономика мамандығы бойынша білім алған.

Әр жылдары құрылыс, өндеу, өндіріс, трейдинг, сауда және басқа салаларда кәсіпкерлік қызметпен айналысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер