«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелері туралы нұсқама берілді

2022 жылғы 20 Желтоқсан
- Алматы қаласы
7578 просмотров

Егер өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстанатын болсаңыз, жаңа жылдық мерекелер қауіп-қатерсіз өтеді деп ескертеді Алматы қаласы ТЖД және «Атамекен» Алматы кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері.

Жаңа жыл қарсаңында палата алаңында Алматы ТЖ департаментінің өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және алдын алу қызметі басқармасының кәсіпкерлермен кездесуі өтті.

«Өрт қауіпсіздігі талаптары дәстүрлі мерекемен өткен жылдың қорытындысына арналған корпоративтік іс-шараларды өткізу кезінде қатаң орындалуы тиіс. Ойын-сауық мекемесіндегі мерекелік іс-шараның өрт қауіпсіздігіне жауапты адам осы ұйымның басшысына жүктеледі, ол өрт қауіпсіздігі ережелері мен белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді», – деп атап өтті Алматы қаласы ӨКП Жетісу филиалының директоры Нұрбике Рахимова.

ТЖ қызметкерлері бірқатар маңызды өртке қарсы іс-шараны сақтауды ұсынды. Өрттің туындауы белгіленген жабдықтың іс-әрекетке қабілеттілігін және адамдарды эвакуациялау жөніндегі персоналдың үйлесімді жұмысын практикалық жағдайларда тексеру үшін нағыз сынақ болуы мүмкін. Заманауи автоматты хабарлау жүйесін орнату өрт, түтінді тез анықтай алатын датчиктердің түрлі түрлерімен өрт дабылын жобалауды қарастырады дейді ТЖ қызметкерлері.

«Өрт туралы сигналдың түсуі ескерту жүйесін іске қосады, келіп түскен командаға сәйкес ғимараттан дереу шығып, эвакуациялау жоспары бойынша әрекет ету керек. Орталық пультке сигналдың түсуі кезекші өрт сөндіру бөлімін уақтылы хабардар етуге және бір мезгілде автоматты өрт сөндіру жүйесін қосуға мүмкіндік береді», – деді ТЖД өкілі Арман Мәкенов.

Қызметкерлердің іс-әрекеттерін пысықтау адамдарды эвакуациялауды ұйымдастыруға және жанып жатқан ғимараттан тез кетуге мүмкіндік береді. Жаңа жылдық мерекелерге дайындық аясында басшы дайындық жұмыстарының кешенін жүргізеді.

«Өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын сақтау адамдарды өрт аймағынан уақтылы эвакуациялауға және мүмкіндігінше жалын ошағын сөндіруге және өрттің жақын маңдағы ғимараттар мен құрылыстарға таралуын болдырмауға мүмкіндік береді», – деп толықтырды Арман Мәкенов.

ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік әкімшілік айыппұлдан бастап нақты бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, әкімшілік кодекстерде көзделгенін еске салды.

Өрт қауіпсіздігі инспекторы тексеруді жүзеге асыру қажет болған жағдайда кәсіпкерлер Алматы қаласы Райымбек даңғылы, 127/147 (Райымбек-Панфилов даңғылы) мекенжайы бойынша орналасқан Алматы қаласы ТЖД Жетісу ауданының ТЖ басқармасына (Жетісу ауданының аумағында орналасқан ұйым үшін)  +7(727) 279-48-01 телефондары бойынша жүгінуі қажет екенін хабарлады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер