«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік желіні нығайтып жатыр - Айтуар Қошмамбетов

2022 жылғы 04 Қараша
- Алматы қаласы
7273 просмотров

Бүгін «Атамекен» Съезінің шешімімен Ұлттық палатаның Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында өңірлік палаталары ашылды.

«Кәсіпкерлер палатасы үшін өңірлермен байланыста болу маңызды. Кең ауқымды қамтудың арқасында біз қалалар мен аудандардың кәсіпкерлерін қаржылай емес қолдаумен қамтамасыз ете аламыз, құқығын қорғап, бизнес жүргізуге жағдай жасауды нығайта аламыз, мемлекеттік органдармен келіссөз жүргізуді күшейтеміз. Бүгін съезде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерге жолдаған үндеуінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттің толыққанды серіктесі болғанын айтты. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз», – деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов.

Абай және Жетісу облыстарында Өңірлік кеңеске шағын, орта және ірі бизнестің 25 өкілі, Ұлытау –15 өкіл қосылады.

Съезд офлайн режимде өтті. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 300-ден аса делегат қатысты. Отырыстың күн тәртібінде 9 мәселе қаралды. Олардың ішінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астананың кәсіпкерлер палаталары Өңірлік кеңестерінің сандық құрамын айқындау; ҰКП Төралқасының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және жекелеген мүшелерін сайлау, ҚР ҰКП басқармасының өкілеттік мерзімін бекіту мәселелері бар.

Сондай-ақ, спикер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының трансформация процесі туралы айтты.

 «Атамекен" ҰКП трансформациясы бойынша жаңа тәсілдер: макроэкономикалық тұрақтылық, экономиканы әртараптандыру, цифрландыру, шағын және орта бизнесті, адами капиталды дамыту, заңның үстемдігін қамтамасыз ету.

 «Атамекен» ҚР ҰКП жаңа басқармасы алдына қойған міндеттердің бірі – сараптаманы шоғырландыру.  ҰКП-ның салалық сараптамасы Үкіметтің және Мемлекет басшысының салалық даму стратегияларын сапалы тұжырымдау мәселелерінде көмекшісі болуға тиісә, - деп толықтырды Айтуар Кошмамбетов.

 Ұлттық палатаны реформалау 2025 жылға дейін үш кезеңде жүргізілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер